Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет506/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
453
мен халықтардың билікке қалай қол жеткізетінін және пайдала- 
натынын, сондай-ақ биліктің әділ бөлінуі мен қолданылуының 
мүмкіндіктерін талдайды.
• 
Ә л е у м е т т ік ө з г е р іс с т р а т е г и я л а р ы н ы ң у л г іл е р і.
Әлеуметтік зерт- 
теулер көмегімен жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың 
әл-ауқагын жақсартуға арналған «Бастау» бағдарламаларынан 
трансұлттық инвестицияларға дейін барынша тиімді бағдарла- 
малар әзірлеуге болады.
Әлеуметтанушылардың шиеленістерді шешуге, әлеуметтік әді- 
леттілік пен әлеуметтік өзгерістер мәселелеріне қатысуы әлемді жақ- 
сартудағы шешуші фактор болмауы да мүмкін. Сөйтсе де бұл мәселе- 
лерді ғылыми тұрғыдан қарастырмау қателік боларына сенімдіміз. 
Адамның мінез-қүлық қағидаларын тану ғылымы дамыған кезде 
біз әлеуметтік шиеленістерді азайтуға көмектесеміз. Ғалым, студент 
және азамат ретінде бізге жүктелетін білімді іздеу мен қолдану жөнін- 
дегі міндеттемелер бар. Біздің болашагымыз осыған тікелей тәуелді.
Қорытынды
1. Ұжымдық мінез-қүлық пен әлеуметтік қозға- 
лыстар өзара байланысты болғанымен әртүр- 
лі қызмет атқарады. Ұжымдық мінез-қүлық 
жоспарланбаган әрі тосын, ал әлеуметтік 
қозғалыс ұйымдастырылған, мақсатты және 
ұзақ мерзімді болып келеді.
2. Салыстырмалы депривация теориясына сәй- 
кес, адамдар қолында бары мен ойдағы үміті 
арасындағы зор айырмашылықты сезінген 
кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады. 
Ойдағы үміт басқа топтармен және басқа ке- 
зеңдермен салыстырудан туады.
3. Ресурстарды жұмылдыру теориясы адамдар 
әлеуметтік өзгерістер жасауға қажетті ресурс­
тарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар 
пайда болады деп пайымдайды.
4. Саяси процестер теориясы саяси мүмкіндік- 
тер мен ресурстардың қолжетімділігін қара- 
стырады және сәтті қозғалыстар өзгерістердің 
қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға 
сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ре­
сурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді.
5. Әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін сәтті 
қозғалыстарға жан-жақты үйымдар қажет. 
Сондай-ақ ол барлық қажетті ресурстарды 
жұмылдыруға қабілетті болуы тиіс. Жаңа мү- 
шелерді тарту үшін ұйым өз идеологиясын 
адамдарды күрделі мәселеге сендіре алатын- 
дай етіп қалыптастыруы қажет. Мәселеге қа- 
тысты қабылданатын шешім әрі лайықгы,
әрі тиімді болатынына сендіру қажет. Ал же­
келеген адамдардың мүдделері, құндылық- 
тары мен сенімі қозғалыстың ұстанымымен 
үйлесетініне иландыруы керек. Алайда идео- 
логияға қарамастан, негізінен, қозғалыстың 
мүшелерімен әлеуметтік байланысы бар және 
қарсыластарға қагысы жоқ адамдар көбірек 
тартылады. Сонымен бірге сәтті қозғалыстар- 
ға БАҚ назарын аударатын инновациялық 
әдістер қажет.
6. Кері қозғалыстар - өзге әлеуметтік қозғалыс- 
тар насихаттайтын өзгерістерге қарсы тұруға 
немесе мүлде болдырмауға тырысатын әлеу- 
меттік қозғалыстар. Егер бастапқы қозғалыс 
азғантай болсын табысқа қол жеткізге, кері 
қозғалыс дами түседі. Егер кейбір адамдар 
бастапқы қозғалыста қол жеткізген өзгеріс- 
тер салдарынан әлеуметтік жағдайы мен құн- 
дылықтарына қауіп төніп тұрғанын сезсе 
де және қарсы бағыттың әлеуетті мүшелері 
олардың мықты одақтастары боларына сенсе 
де кері қозғалыстың дамуына мүмкіндік бар.
7. 
Қоршаған ортаны қорғау қозғалысы мемле- 
кеттік саясатқа ықпал етуге тырыса отырып, 
сот арқылы қарсылық білдіруден бастап ас- 
тыртын ірігкі салуға дейінгі түрлі әдістерді 
қолданады. Қозғалыс жетістіктерінің өсу се- 
бептерінің бірі - қозғалыс аясындағы ұйым- 
дардыц көп түрлілігі.
8. Технология - құралдар жасау, яғни табиғи




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет