ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
151
демалыс күндеріңізді қалай өткізгендеріңіз жайында әңгімелесіп, бі-
рақ оқудан тыс жерде онымен ешқашан қарым-қатынасқа түспесеңіз,
сіздердің араларыңызда байланыс әлсіз болғаны. Қуатты байланыс-
тар бізді жақын адамдарымызбен байланыстырады, ал әлсіз байла-
ныстар болымсыз қарым-қатынасқа түскен тұлғалармен арамыздағы
алшақтықты арттырады. Жаңа жұмыс орнын немесе түратын жер
табу сияқты ауқымды байланысты талап
ететін ақпараттарды алу
қажет болған жағдайда әлсіз байланыстар өте маңызды рөл атқарады
(Granovetter, 1974; Newman, 1999b). Сол сияқты Microsoft Word сияқты
танымал бағдарлама туралы сұрағыңыз болса жауабын сенімді байла-
ныстарыңыз арқылы таба аласыз. Бірақ Linux сияқты жалпыға ортақ
бағдарлама жайында ақпарат алғыңыз келсе, сізге әлсіз байланыстар-
дың үлкен желісіне шығуға тура келеді. Осы сияқты басқа жағдайлар-
да да сіз білетін адамдардың саны қаншалықты көбірек болса бұл сіз
үшін соғұрлым тиімді.
Әлсіз байланыстардың оңтайлы көздерінің бірі - интернет: егер
сіз сирек кездесетін аурумен ауырсаңыз
немесе қатты қызығатын
ерекше ермегіңіз болса, не жасырын топтарды жақсы көрсеңіз қажет-
тіліктеріңіз бен мүдделеріңіз ортақ не ұқсас басқа адамдармен оңай
байланыс жасай аласыз. Өкінішке қарай, әлсіз байланыс адамдарға
жаңа жүмыс
орындарын табу, хоббимен айналысуға мүмкіндік беру
секілді пайда келтірумен қатар зиянын тигізетін жағдайлар да кезде-
седі: мысалы, соңғы кездегі зерттеулердің көрсегуінше, ересектердің
өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанына достарының сол тәріздес әрекеті
ғана емес, сонымен қатар досының досы өзіне-өзі қол жұмсамақ болта
ны да себеп болған (Bailer & Richardson, 2009). Дәл осылай, 12 мыңнан
астам америкалыққа 32 жыл бойы жүргізілген үлкен зерттеу нәтиже-
лері бойынша адамның семіздікке ұшырау мүмкіндігі досы
семіздік-
ке ушыраған болса - 45 пайызға, досының досы семіздікке ұшыраған
болса - 20 пайызға, егер досының досының тағы бір досы ұшыраған
болса 10 пайызға өскенін көрсеткен (Christakis & Fowler, 2007).
Қуатты байланыстар әлсіз байланыстардан әлдеқайда маңызды.
Алайда әлсіз байланыстардың да пайдалы жақтары бар (5.2-сурет). Ав-
торлар, шын мәнінде, семіздікгің «жұқпалы» екенін айтады. Ал олар-
ды сынга алушылар, өз кезегінде, адамдар
уақыт өте келе салмағы
өздерінің салмағына сәйкес келетін адамдармен дос болып қалуға ты-
рысады дейді (Kolata, 2011). Бұл әлеуметтік тораптардың қалай жүмыс
істейтіні туралы қызықты жағдайларды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: