Сабақ: қазақ тілі
|
Мектеп: №14 орта мектеп гимназиясы
|
Күні: 24.01.2020
|
Мұғалім: С.Б.Базарбаева
|
Сынып: 0 «в»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
Жолдар бізді қайда бастайды?
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мен мектепке немен барамын?
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну
0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, оларды сөйлеу барысында қолдана алады. Мұғалімнің көмегімен мектепке немен баратындарын айта алады.
|
Бағалау критерийлері:
|
Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, оларды сөйлеу барысында қолданады. Мұғалімнің көмегімен мектепке немен баратындарын айтады.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Дәптермен жұмыс. Берілген жұмысты сәйкестендіру, басу, сызу.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 минут
Сабақтың ортасы
18 минут
|
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын. Сабаққа дайындықтарын қадағалау.
Тілдік ортаға кіру.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
1-тапсырмада педагог балаларға, ең алдымен жаяу сөзінің мағынасын түсіндіреді. Бұл сөзді із арқылы есте сақтауға үйретеді. Содан кейін осы тапсырмадағы суреттер бойынша сөйлеу үлгілерімен таныстырады. Онда балалар өздерінің мектепке қалай (немен) баратындарын айта алу үлгісін үйренеді.
2-тапсырмада Сен мектепке немен келесің? Сен мектепке кіммен келесің? Деген сұрақтар қойылып, балалар сол сұрақтарға жауап беруге үйренеді. Бірінші суретке қараңыздаршы! Оқимын. Таныстырамын. Өздеріне айттырамын. Бірге аударамыз.
Мен мектепке автобуспен барамын!
Мен мектепке жаяу барамын!
Мен мектепке көлікпен барамын!
3-тапсырма. балалардың каллиграфиялық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Берілген суретті бояу және жолдан шықпай сызып шығу арқылы алғашқы жазу дағдылары жетілдіріледі.
|
|
Сабақтың соңы
2 мин
|
Кері байланыс:
Бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерін стикерге сурет салу арқылы жеткізеді.
Үйге тапсырма: дәптермен жұмыс. Бастыру, сызу жұмыстары
|
|