Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет178/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Еріктілер қауымдастықтары
Жеке адамдармен қарым-қатынасқа түсумен қатар, көбіміз футбол 
командасы, Элкс немесе Сьерра клубы сияқты топтар мен қауымдас- 
тықтарға еріктілер (волонтер) ретінде кіреміз. 
Еріктілер қауымдас-
тықтары 
деп аталатын бұл топтар коммерциялык; емес ұйымдар 
қатарына жатады. Олар адамдардың ортақ мүдделерін ұжым болып 
іске асыруға мүмкіндік береді. Олар көлемі мен ресмилігі жағынан 
бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, кейбіреулерінің, 
атап айтқанда, Элкс және Сьерра сияқты клубтардың өте үлкен ұлт- 
тық штабы, сайланған офицерлері, ресми атақтары, жарғылары, мү- 
шелік жарналары, ұлттық конвенциялары бар және де түрақты түрде
Еріктілер қауымдастықтары
деп аталатын бұл топтар 
коммерциялық емес ұйымдар 
қатарына жатады.


154
5-ТА РАУ
І
Еріктілер қауымдастығына қосылу 
әлсіз байланыстар торабын 
ұлғайтуғә кепілдік береді. Егер адам 
қауымдастықтың кез келген басқа 
мүшелерімен жақын дос бола берсе 
қуатты байланыс торабын кеңейте 
алады.
кездесулер өткізіп тұрады. Басқалары, мысалы, өзге футбол команда- 
лары, тоқымашылар топтары, т.б. - жергілікті қауымдастықтан неме- 
се тату көршілерден құралған шағын, бейресми топтар.
Кейбір әлеуметтік сыншылар АҚШ-та еріктілер қауымдастықта- 
рына мүше болудың саябырсығанын айтады (мысалы, Путнам, 2000). 
Керісінше, шағын жергілікті қауымдастықтарға, этникалық топтарға, 
балама діни ұйымдарға және интернет-топтардың қатарына ену- 
шілер саны өсуде дейді (Rich, 1999).
Еріктілер қауымдастықтары жеке адамдар үшін маңызды қыз- 
мет атқарады. Олар қуатты және әлсіз байланысқа қол жеткізуге мүм- 
кіндік беретіндіктен адамдардың жеке бастарының бақытына, ұзақ 
өмір сүруіне, саяси жігерлілік танытуына және қауымдастықтың 
үлкен сеніміне ие болуына көмектеседі (Stalp, Radina & Lync 2008; 
Borgonovi, 2008; Walker, 2008, McFarland & Томас, 2006). Саяси тұрғыдан 
тиімді және өз қауымдастықтарына сенім білдіретін адамдар басқа- 
ларға қарағанда еріктілер қауымдастығына қосылуға әлдеқайда ын- 
талы келеді. Сонымен қатар көптеген қауымдастықтарға мүше болу 
интеграция мен қанағаттану сезімін тудыруы мүмкін.
Қауымдастық
З-тараудан көргеніміздей, «қауымдастық» термині ортақ кеңістік- 
ті және оған қосылу сезімін бөлісетін адамдарға (сондай-ақ ортақ 
кеңістіктегі әлеумегтік мекемелерге) қагысты қолданылады. Басқа- 
ша айтқанда, қауымдастық күшті әлеуметтік тораптарды білдіреді 
(Wellman, 1999). Қауымдастық барлық мүшелерінің арасында бір- 
бірімен үйлескен күрделі байланыстар болған кезде күшейе түседі.
Бірақ әлсіз тораптық байланыстар жеке адамдар мен қауымдас- 
тықтар үшін мацызды болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге 
қарағанда, көршілер бір-бірімен әлсіз байланыста болғанмен қажет 
болтан жағдайда бір-біріне әртүрлі көмек көрсете алады, мысалы, ке- 
ректі құралдарды уақытша пайдалана тұруға береді, көршісі үйінде 
жоқта келген поштасын жинап қояды және т.б. (Wellman & Wortley, 
1990). Соиымен қатар әлсіз байланыстар дұрыс жолға қойылған жағ- 
дайда олар қамтитын аумақта қылмыс пен құқық бұзушылықтың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет