Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет197/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Ұжымдық тиімділік теориясы 
бойынша бір ауданда түратын 
адамдар әлеуметтік тәртіпті сақтау үшін өзара араласып, бірге эре- 
кет етеміз деп ниеттенеді. Егер сіздің көршілеріңіз қылмыстық жэне 
қылмысқа жатпайтын девианттылықты бақылау үшін бірігіп күресу


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
169
маңызды деп есептесе немесе көшенің бұрышында әлдебіреудің есірт- 
кі сататынын көріп, дереу полицияға қоңырау шалса; психикалық 
ауру адамның саябақта тұрғанын немесе жасөспірімді әлдекімнің 
жазықсыз жазалап жатқанын көріп, бірден әлеуметтік қызмет өкіл- 
дерін шақырса, онда сіз тұратын ауданның ұжымдық тиімділігі 
жоғары деп есептеледі. Ұжымдық тиімділік қүрылымдық ахуалы 
жақсы аудандарда жиі кездеседі: олардың жүмыспен қамтылуы мен 
үй сатып алу мүмкіндігі жоғары, ал жұмысы мен табысы олардың өз 
өмірін бақылауға деген ұмтылысын оята алады. Сондай-ақ олар қажет 
кезінде полиция мен коммуналдық қызметтердің көмегінен де үміт- 
тенеді. Үжымдық тиімділік теориясына сүйенер болсақ, шамадан тыс 
құрылымдық кемшіліктерге үшырайтын аудандарда девианттылық 
болу мүмкіндігі жоғары. Соның кесірінен мұндай аудандарда үжым- 
дық тиімділік төмен болады. Бұл теорияның эмпирикалық дәлелдері 
көп және девианттылықтың заңсыз түрі жөніндегі проблемада ықпа- 
лы айрықша артып келеді.
Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық теорияның пайымдауынша, девиантты- 
лық әлеуметтік құрылым бөліктерінің (нормалар, мақсаттар мен ре- 
сурстар) арасында интеграция жоқтығынан болады. Осы тұрғыдан 
алғанда, девианттылық - қалыптан тыс жағдайлардан туындайтын 
жалпы нормадан ауытқыған құбылыс. Алайда конфликт теориясы 
девианттылықты кейбір топтардың қат ресурстарға басқалардан 
гөрі қолжетімділігі жоғарырақ болатын қоғамдағы бәсекенің табиғи 
және қашып құтыла алмайтын өнімі ретінде қарасгырады. Бұл тео- 
рияны жақтайтындар әділетсіз бәсеке девианттылықты зерттеуде 
көңіл аударатын басгы жайт болуы керек деп есептейді (Lemert, 1981; 
Reiman, 2005).
Конфликт теориясының болжауы бойынша, девианттылық- 
тың анықталу жайы мен сол девианттылыққа кімдердің қатысты 
болуына әлеуметтік топтардың арасындағы бәсеке мен қақтығыс 
эсер етеді. Конфликт теориясын девианттылыққа қатысты қолда- 
нуға болады, дегенмен ол көбінесе қылмыстың өзін және қылмыс- 
тық заңды түсіндіруде қолданылады. Тарихи тұрғыда ол гаптық 
қайшылықтардыц әсерін зерттейді. Сонымен қатар бұл теория 
нәсілдік, этностық және гендерлік конфликтілерді талдау үшін де 
жиі қолданылады.
Мертон инновация терминін 
әлеуметтіктурғыда мақұлданған 
мақсаттарға жету үшін (мысалы, 
жарыста жеңу) мәдениет 
мақулдамайтын (мысалы, стероид 
қолдану) әдістерді қолданатын 
адамдарға қатысты пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет