Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет198/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Қылмысқа анықтама
Конфликт теориясын қолдайтындар қолында заңды билігі бар топ- 
тардың саяси және экономикалық мәртебесін жоғарылату үшін пай- 
даланатын қаруы деп есептейді (Arrigo, 1998; Liska, Chamlin, Reed, 
1985; Reiman, 2005). Осы позицияны қолдаушылар кейде қылмыстың 
анықтамасының өзі бай адамдардың мүддесіне қарай жасалған дейді. 
Мысалы, корпорациялар қауіпті машиналарды сатқанда немесе улы 
химиялық заттарды суға тастағанда мыңдаған адамды өлтіруі немесе 
оларға залал келтіруі мүмкін. Бірақ бұл әрекеттер соттарда сирек қа- 
растырылады.
Сонымен қатар конфликт теориясын қолдаушылар қылмыстық 
сот жүйесінің «қылмыстық» деп аталған іс-әрекетке жауабы билік- 
тегілердің мүдделерін қорғайды деп санайды (Reiman, 2005). Біздің 
жүйе ақша жымқырушылардан гөрі көше ұрыларын жауапқа тартуға, 
клиенттерінен гөрі жезөкшелердің өзін жауапқа тартуға көбірек шы-


170
6 -ТА РА У
І
Дифференциалды ассоциация 
теориясы - бандылар жайлаған
аймақта туып-өскен адамдардың 
өздері де, көбіне бұзақы болып 
шығатынын түсіндіреді.
ғынданады. Сол сияқты, анаша қолданудың қаупі қоғам үшін де, ана­
ша қолданатындар үшін де бірдей болғанмен (көбіне қара нәсілділер 
қолданатын), крэк-кокаинге қарсы заң (көбіне ақ нәсілділер қолдана- 
тын) «әдеттегі» кокаинге қарсы заңнан әлдеқайда қатал. Яғни басқа- 
лармен бірдей қылмыс жасаса да, кедейлер мен қара нәсілділер тұт- 
қындауға, қудалауға және соттауға жиірек үшырап отырады (Reiman, 
2005).
Қылмысқа қатысу
Конфликт теориясын қолдаушылардың көбі құрылымдық функцио- 
нализмнің «көбіне кедей және ақ нәсілге жатпайтындар қылмыс жа- 
сайды» деген болжамымен келіспейді. Конфликтология теорияшы- 
ларының айтуынша, мұндай адамдар өз мақсаттарын төмендететіні 
соншалық - бүл мақсаттарға заңды жолдармен-ақ қол жеткізеді, ал 
ақ нәсілді байлардың көбі мақсаттарын жоғарылатып жіберетіні 
сондай - бұл мақсаттарға құнды қағаздарға байланысты биржадағы 
құпия ақпаратты сатып алу, тендерлерді ұту үшін билік өкілдеріне 
пара беру сияқты, қылмыстық әдістерді пайдалану арқылы ғана қол 
жеткізеді.
Көп ғалымның айтуынша, ақ нәсілділер мен бай адамдар қыл- 
мысты сирек жасайтындай болып көрінеді, себебі мемлекет, мектеп- 
тер мен соттар ондай адамдарға «қылмыскер» деген атты сирек береді 
(Reiman, 2005).
Яғни конфликт теориясын қолдаушылардың кейбірі кедей адам­
дар (этносына қарамастан) көбірек қылмыс жасайды деп санайды. Бүл 
теорияшылар, негізінде, Мертонның «мақұлданған мақсаттарға қол 
жеткізуге мүмкіндіктің жоқтығы кедейлерді қылмысқа итермелей- 
ді» деген болжамымен келіседі. Бірақ олар мұны әділетсіз қоғамда 
өмір сүрудің табиғи және ақылға қонымды әдісі ретінде қарастырады 
(Reiman, 2005).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет