Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет236/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

204
7-ТАРАУ
айтуы бойынша, мысалы, капиталистер жұмысшылардың еңбек 
өнімділігінен пайда көретініндей, ерлер әйелдердің репродуктив- 
ті еңбегінен пайда көреді. 
«Репродуктивті еңбек» 
термині әйел- 
дердің дәстүрлі міндеттерін, яғни тамақ әзірлеу, үй шаруашылы- 
ғын жүргізу және бала тәрбиелеу қызметтерін сипаттайды. Қазіргі 
конфликтология ғалымдарының пікірінше, көптеген отбасында 
әйелдердің дәрежесі томен болғандықтан, олар репродуктивті 
еңбекпен айналысуға мәжбүр. Соның нәтижесінде, әйелдердің 
жақсы табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік жоқтың қасы, оның есе- 
сіне олардың үй ішінде билігі артуы ықтимал.
Сыни ескертулер
Басқаны бақылап үйренгендер өз мүмкіндігін кеңейтуі және арт- 
тыруы үшін өз билігін пайдаланатынына (иелік ету және басқару 
арқылы) ешкім күмән келтірмейді. Алайда сыншылар «теңсіздікте 
әділетсіздік пен қажетсіздік бар» деген пікірмен келіспейді. Бірін- 
шіден, адамдардың барлығы бірдей емес. Кейбір адамдар өзгелерге 
қарағанда еңбекқор, сауатты және талантты. Олар ешқандай күрде- 
лі кедергілерге кезікпесе, қиналмай, алдау-арбаусыз алға шығады. 
Екіншіден, басшылық пен бедел функцияға ие. Жүйелі жұмыс ат- 
қара алушылар басшылық етсе, басқарған ұйымы да жақсы жұмыс 
атқарады.
Ұғымдардың қорытындысы: стратификацияның екі түрлі үлгісі 
әлеуметтік стратификацияның құрылымдық-функциялық үлгісін 
конфликт теориясының үлгісімен салыстырып қорытындылайды.
Репродуктивті еңбек - әйелдердің 
тамақ әзірлеу, үй шаруашылығын 
жүргізу, балаға қарау сияқты 
әдеттегі міндеттері; бұл еңбек 
қоғам үшін ұрпақ жалғастыруға, 
басқалардың жұмыс істеуіне және 
демалуына мүмкіндік береді.
Өздігінен орындалатын 
болжам - артылған үміттің 
жүзеге асатынына сенім білдіру 
және оның іс жүзінде орындалуы.
Символдың интеракционизм
Құрылымдық-функциялық және конфликт теорияларымен салыстыр- 
ғанда символдық интеракционизм теориясы кейбір әлеуметтік топтар- 
дың басқаларга қарағанда неліктен жақсы жетістіктерге жететінін ту- 
сіндіруді мақсат етпейді. Оның орнына теңсіздіктің күнделікгі өмірде 
сақталуына не себеп болатынын зерттейді.
Символдық интеракционизм теориясының маңызды үлесінің 
бірі -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет