Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет233/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Құрылымдық-функциялың теория
Стратификацияның қүрылымдық-функциялық теориясы (басқа да 
құрылымдық-функциялық теориялардың пайымдауы сияқты) бо- 
йынша әлеуметтік стратификация кез келген әлеуметтік элемент- 
тей әлеуметтік түрақтылыққа ықпал етпесе, жалғастық таппайды. 
Бұл ұстанымның классикалық тұжырымдамасын берген Кингслей 
Дэвис пен Уиллберт Мур (1945): «Стратификация қоғамға маңызды қыз- 
меттер атқаруға көмектеседі, біз оның бар екенін білеміз», - деді. Егер 
әрбір адамның қалауы ескеріліп, орындалып отырса, жұрттың бәрі 
бастық болып, дәнді-дақыл өсіретін немесе қоқыс шығаратын, бала- 
ларға күтім көрсететін ешкім қалмас еді. Немесе әркім өз балалары- 
мен үйде отырғысы келсе, полиция қызметін немесе медициналық 
қызмет көрсететін ешкім табылмас еді. Демек, Дэвис пен Мур айтқан- 
дай, әрбір қоғамда қызметтің кейбір маңызды, бірақ жағымсыз түр- 
лерімен айналысатын адамдардың немесе сирек кездесетін таланттар 
мен кәсіби шеберлікті қажет ететін қызметтегі адамдардың еңбекте- 
рі жеткілікті мөлшерде бағалануы тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, бала күтімімен айналысатын қызмет- 
шілерге қараганда, дәрігерлердің еңбекақысы жоғары болуы керек. 
Екеуі де қажетті болғанына қарамастан, медициналық оқуға түсу 
үшін көптеген адамдарға білімі, машыгы, таланты жетпей жатады. 
Сонымен бірге бұл мамандық көп жыл оқу мен ұзақ уақыт дайын- 
дықты талап етеді. Олар кейбір кездерде жұмысын қолайсыз және 
стресс жағдайларында орындайды. Дэвис пен Мур: «Осындай үлкен 
талаптар қойылатын әрі күрделі міндеттерді атқаратын адамдарды 
ынталандыру үшін, олардың еңбегін жоғары құрметтеп, марапат 
көрсетіп, табыстарын жақсартуымыз керек», - деген. Мұны қоғам 
өзі анықтай жатар, алайда қай кезде болсын еңбекақы мөлшері аз 
болса да, балалар күтімімен айналысуды қалайтындар саны азай- 
майды. Құрылымдық-фунциялық теория бойынша, бала күтімімен 
айналысатындарға қарағанда дәрігерлердің еңбекақысы жоғары 
болуы - әлеуметтік қажеттілікке байланысты орнаған жағдай.
Сыни ескертулер
Құрылымдық-функциялық теория маңызды сыни түжырымдар 
шығарды. Олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:
1) 
сұраныстың жоғары болуы (тапшылық) жақсы жүмыс орын- 
дарына қол жеткізу мүмкіндігінің шектелуіне байланысты 
қалыптасуы мүмкін. Мысалы, медициналық оқу орындары- 
ның жеткіліксіз болуы және негізсіз қатац талаптар қойылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет