Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет234/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

СТРАТИФИКАЦИЯ
203

Қоқысшығару-қазіргізаманғы 
I өмірүшінжағымсызболғанымен, 
өте маңызды іс, алайда қоқыс 
жинаушылардың еңбекақысы өте төмен. 
Құрылымдық-функциялықтеория 
олардың еңбекақысының төмендігін 
кәсіби шеберлігініңболмауымен 
байланыстырса, конфликт теориясы 
олардыңбилікке қолы жетпеуін 
көлденең тартады.
дәрігерлерге деген ұсынысы азайтып, сұранысты арттырады;
2) 
әлеуметтік таптағы орын, жыныс, нәсіл немесе ұлт, талант- 
тар мен қабілеттілерге қарағанда жоғары мәртебеге жетуде 
маңызды рөл атқарады;
3) 
мәртебесі жоғары адамдардың көпшілігі (рок жұлдыздар
кәсіби спортшылар, косметикалық оташылар) қоғам тұрақ- 
тылығын сақтауға ықпал ете алмайды.
Әлеуметтанушылар осы мәселені зерттеуде және теңсіздікті түсіну 
үшін құрылымдық-функциялық теорияның пайдасын талқылауда.
Конфликт теориясы
Конфликтология теорияшыларының теңсіздікке деген көзқарасы 
мүлде басқаша. Олардың ойынша, теңсіздік әлеуметтік қажеттілік- 
терді қанағаттандыруға қатысты ымыраға келуден емес, таптар ара- 
сындағы шиеленістен туындайды.
Карл Маркс теңсіздіктің классикалық конфликт теориясын 
ұсынды. Оның ойынша, теңсіздік адамның жеке өндіріс құралдары- 
на иелік етіп, меншіктенуінен табиғи түрде пайда болған. Өндіріс 
құралдарына иелік ететіндер өздерінін, жеке пайдасын барынша 
арттыруға тырысып, еңбектерін соларға сатудан басқа амалы жоқ 
пролетарийлерге беретін ақы мөлшерін азайтуды көздейді. Осы 
тұрғыдан алғанда стратификация қажетсіз де, әділетсіз де болып 
көрінеді. Теңсіздік қоғамға пайда әкелмейді, пайдаға кенелетіндер -
байлар ғана.
Классикалық марксистік теория сияқты, қазіргі заманауи конф­
ликт теориясы да биліктегілер өзіне жүмыс жасайтындардың қы- 
сым көріп, қажитынын мойындайды деп санайды (Sears, 2008). Бүл, 
Маркстің пікірінше, шектен шығып, беделді адамдар мен топтардың 
шектеулі ресурстарға таласының әсерін және таптық айқастардың 
саясатқа ықпалын көрсетеді (Sears, 2008; Massey, 2007). Сондай-ақ за­
манауи конфликт теориясы экономикалық емес билікті, көбінесе 
гендерлік және нәсілдік тұрғыдан қарастырады. Теорияшылардың


202
7-ТАРАУ
керініңтабысы $51 000, ал америкалық отбасылардың 20%-ыныңжыл- 
дық табыс мөлшері $20 813 (U.S Bureau of Labor Statistic, 2011c; U.S Bureau 
of the Census, 2011c).
Табыстар арасындағы осындай үлкен айырмашылықты қалай 
түсіндіруге болады? Бұл сүраққа жауап беру үшін стратификацияның 
әлеуметтік қүрылымына көз жүгіртуіміз керек. Миллиардер немесе 
полиция қызметкерінің табысы туралы сұрамастан бүрын шектеу- 
лі ресурстарға неліктен кейбір топтар ғана ие болатыны туралы сөз 
қозғаймыз. Қүрылымдық-функциялық және конфликтология теория- 
шылары ұсынған стратификация жөніндегі теорияларды қарастыр- 
ғаннан кейін адамдардың осындай әртүрлі топтарға қалай жікте- 
летіні туралы теориялық түсініктемелерге тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет