Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет240/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Макроқұрылым: еңбек нарығы
Біреулерге машық пен қүзыреттілік жетіспеген жағдайда, басқалар- 
дың жақсы жерде жұмысты табысты атқаруға қалай дайын болаты-


СТРАТИФИКАЦИЯ
207
нын түсіндіреді. Алайда машық пен құзыреттілік міндетті түрде 
тапқа, мәртебеге немесе билікке жетуге кепілдік бермейді. Ірі эко- 
номикалық құлдырау немесе рецессия жағдайында еңбек нарығы 
теңдіктің ауытқуына әкелсе, білімге, уәждемеге (мотивация), ын- 
таға қарамастан, жақсы жұмыс табу қиынға соғады. Әрине, көпте- 
ген зерттеушілердің пікірінше, мемлекеттің экономикалық құры- 
лымындағы және еңбек нарығындағы өзгерістер келесі үрпаққа 
үтқырлықпен жоғарылауға болмашы ғана мүмкіндіктер береді.
АҚШ-тың кәсіби құрылымының жоғары деңгейдегі қызметкер- 
лерінің саны соңғы ғасырда арта түсті. Алайда барлығы тең дәре- 
жеде ұтқырлықпен жоғарылау мүмкіндігіне ие болған жоқ. Қазір 
әйелдер мен азшылық өкілдері үшін еңбекақысы жоғары жұмыс 
табу қиын емес, бірақ олардың орны әлі де төмен деңгейде. Олар- 
дың ішінде корпоративтік заңгер емес, мемлекеттік қоргаушы қыз- 
метіндегілер; оташы емес, балалар дәрігері қызметіндегілер жиі 
кездеседі.
Еңбек нарыты теорияшыларының айтуынша, АҚШ-та еңбек 
нарыгының сегменттелген түрі қалыптасқан: еңбек нарығының 
бірі - жоғары қызметтер үшін (әдетте үлкен компанияларда), ал ең- 
бек нарығының екіншісі - төменгі қызметтер үшін (әдетте шағын 
компанияларда). Әйелдер мен азшылық өкілдері еңбекақысы төмен, 
жеңілдіктері аз, қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген және қызметте 
жоғарылау мүмкіндіктері болымсыз компанияларда жұмыс істейді.
Америкалық арман: идеологи я ж ән е
ш ындық
Кез келген стратификациялық жүйеде ұтатындар мен ұтылатындар 
болады. Неліктен ұтылғандар өз жағдайына көнуі тиіс?
Мұның жауабы идеологияда жатыр. Идеология - әлеуметтік, 
саяси, экономикалық немесе мәдени ұстанымды қолдап, маңы- 
зын арттыратын кез келген идеялар мен көзқарастар жүйесі. Әрбір 
стратификациялық жүйеге елдегі әлеуметтік құрылымды тиімді 
ететін және оны адамдардың қабылдауына бағытталған идеология 
бар. Мысалы, Үндістандағы үнді діні “қазір адам төменгі бір каста- 
ның мүшесі болса, бұл - өткен өмірінде оның мінез-құлқы дүрыс 
болмағандықтан” деген уағыз айтады. Бірақ «егер осы ғұмырында 
иманды өмір сүрсе, онда келесі өмірде жоғары кастада туады» дейді. 
Бұл идеология адамдарды өз өмірінен барынша сабақ алуға бейім- 
дейді.
АҚШ-та теңсіздікті ақтайтын негізгі идеология «Америкалық ар­
ман» деп аталады. Демек, АҚШ-та әрбір адамның мәртебелі де табыс- 
ты болуға мүмкіндіктері тең. Яғни талмай еңбек еткен адам үлкен 
жетістіктерге жетеді. Керісінше, табысқа жете алмаган адам өз сәт- 
сіздігінің себебін өзінен іздеуі тиіс. Мұндай идеологияға деген сенім 
әлемнің басқа елдеріне қарағанда АҚШ-та жоғары (Kohut and Stokes, 
2006; Isaacs, Sawhill and Haskins, 2008). Осыған қарамастан, Батые ел- 
дерімен салыстырғанда, АҚШ-тағы әлеуметтік ұтқырлық дәрежесі 
төмен (7.4-сызбағы қараңыз). АҚШ-пен салыстырғанда, Германияда 
әлеуметтік ұтқырлық - 1,4 есе, Канадада - 2,5 есе, Данияда 3 есе басым 
(Isaacs, Sawhill, 
&
Haskins, 2008). Зерттеу нәтижелері бойынша, амери- 
калықтардың жеке табысының 50%-ы ата-аналарының табысымен 
байланысты (Isaacs, Sawhill, 
&
Haskins, 2008). Мысалы, аз қамтылған 
отбасыларын құрайтын 20%-дыц ішіндегі 2/5 бөлігі өз ата-анасы- 
ның әлеуметтік таптағы орнына сай орын табады (Isaacs, Sawhill, 
&
Haskins, 2008).
Идеология - әлеуметтік 
құрылымды жетілдіруді көздейтін 
нормалар мен қүндылықтар 
жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет