Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет241/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

208
7-ТАРАУ
7.4-СЫЗБА. Табыс теңсіздігі
және әлеуметтік утқырлықтың
жеткіліксіздігі
Табыс теңсіздігі де, әлеуметтік 
ұтқырлықтың жеткіліксіз болуы да өзге 
елдерге қарағанда, АҚШ-та жоғары. 
Қызыл жолақ - табыс теңсіздігін, көк 
жолақ - ерлердің табысының әкелерінің 
табысымен салыстырғандағы деңгейін 
көрсетеді (яғни қай елде әлеуметтік 
ұтқырлықжетіспейтінін көрсетеді).
Ә леум еттік м обил ьд іліктің та п ш ы л ы ғы *
Үлыбритания
0,5
АҚШ
g g j g g g g 0.47
Германия
° '33
Франция
° '3
Швеция
шшт
° '2
Канада
I
0,19
Финляндия
0,18
Норвегия
Я
0,17
Дания
| 0,16
Табыс теңсіздігі**
0,25
І 0,26
* Әкелер мен олардың ересек үлдарының кіріс көзінің сәйкестік деңгейі.
** Шкала деңгейі 0-дан (табыс теңсіздігі жоқ) 0.6-ға (теңсіздік деңгейі жоғары) дейін.
Дегенмен кейбіреулер үшін «Америкалық арман» - қолжетімді ар- 
ман. Америкалықтардың 1/3 бөлігі ұтқырлықпен жоғарылаған (Isaacs, 
Sawhill and Haskins, 2008). Басқа елдерден қоныс аударған адамдар 
үшін АҚШ көптеген «мүмкіндіктер ошағы» болып көрінеді. Білімді, са- 
уатты қоныс аударушының қарапайым америкалықтарға қарағанда 
еңбекақысы жоғары болуы ғажап емес. Ал білім-біліктілігі нашар қо- 
ныс аударушының өз елінде табатын табысына қарағанда, АҚШ-тағы 
табысы көбірек болады. Бірақ америкалықтардың өзге 1/3 бөлігінің 
ұтқырлық жағынан алатын орны төмендеуде, қалғандары өз ата-ана- 
ларының әлеуметтік таптағы орнына сай.
Жоғары ұтқы рлы қты түсін дір у
«Америкалық арман» идеологиясының өміршеңдігі жоғары ұгқыр- 
лыққа негізделген. Ұтқырлыққа кедергі келтіретін күштердің бар 
екенін ескерсек, кейбір адамдардың ата-анасының әлеуметтік тап- 
тағы орнынан жоғары көгерілуін қалай түсіндіруге болады?
Әрине, ақыл, еңбекқорлық және білімділік маңызды (Isaacs, 
Sawhill and Haskins, 2008). Дегенмен кедей отбасыларынан шыққан 
көптеген зерек балалардың жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ. Ал 
кейбір адамдар еңбекқор болғанымен, табыс мөлшері өте аз.
Жоғары ұтқырлық құбылысын түсінуде әлеуметтанушы Джули 
Беттидің этнографиялық зерттеуінің пайдасы зор. Бетти орта тапқа 
жататын мектепте тоғыз ай бойы (2003) сұхбат өткізіп, зерттеу жүр- 
гізген. Оның байқауынша, көбінесе мұғалімдер мен мектеп ұжымы 
оқушыларды мәртебесін көтеруге жігерлендірген: орта буын оқу- 
шылары алдыңгы қатарлы сыныптарға көшіп, оқу жетістіктері атап 
өтіліп, мадақгалған. Жұмысшы отбасынан шыққан оқушыларға 
кәсіби даярлық дәрістеріне қатысу ұсынылған; ал аз қамтылған от­
басынан шыққан оқушылар назардан тыс қалып, оларға үміт ар- 
тылмаған. Осылайша, барлық әлеуметтік таптар оқушыларының аз 
бөлігі нәсілдік кемсітуден, мұғалімдердің үміт артпауынан зардап 
шеккен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет