Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет409/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
365
шебінде тұр. Аз ұлт өкілдерінің қаналуы, баланы алдыртып тастау 
немесе гомосексуализм мәселелері ешбір жерде ғибадатханаларда- 
ғыдай қызу талқыланған емес. Нәсілдік қарым-қатынас, жыныс- 
тық және таптық теңсіздік пен мәдени құндылықтар шиеленісі 
мектеп кеңестерінде қызу талқыға түскен. Сіз, діншіл адам болма- 
саңыз да білім алғаннан кейін, білім мен діннің адам санасындағы 
маңызды рөлін елемей өте алмайсыз.
Қорытынды
1. 
Білім берудің құрылымдық-функциялық үлгісі 
бойыиша, білім беру көптеген әлеуметтік сү- 
раныстарға сай болуы керек. Ол жастарды үл- 
кен мәдени бірлестікке біріктіреді, білім беріп, 
белгілі бір дағдыларды қалыптастырады және 
әлеумегтік өзгеріске себеп бола алады.
2. Конфликт теориясы бойынша, білім беру страти­
фикация құрылымын терт механизм арқылы қол- 
дап, жүзеге асыруға көмектеседі. Олар: теңсіздікке 
мойынсұнатын жұмыс күшін оқыту (астыртын 
оқу бағдарламасы), элита өкілдерінің балаларына 
жақсы жұмыс орындарын сақтау үшін креденциа- 
лизмді қолдануы, басым мәдениетті сақтау және 
кедей топтардың білім алу мүмкіндіктеріне қол 
жеткізуін қамтамасыз ету.
3. Символдық интеракционистер білім беруде 
теңсіздік туғызатын процестерді зерттейді. Бүл 
процестің негізгі элементі - элиталық сабақтас- 
тық және балалардың мәдени капиталындағы 
айырмашылық, екеуі де кедей студенттердің 
жағдайын жақсартуына жол бермейді.
4. Бақылау қабілеті мықты оқу шылар үшін пайда лы 
болғанымен, қабілетті төмен оқушыларға кері әсе- 
рін тигізеді. Аса маңызды тестілеу білім сапасын 
арттырады, бірақ оқу бағдарламасын қысқартып, 
тек тестілеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлуге 
мәжбүрлейді. Мекгепті таңдау оқушылар мен ата- 
аналарға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ теңсіздік- 
ті нығайтып, мемлекеттің қолдауын азайтады.
5. АҚШ-тағы 16-24 жас аралығындағы мектеп тү- 
лектерінің тең жартысы колледжге оқуға түседі. 
Колледжге ерлерге қарағанда, әйелдер көбірек 
түседі, оқуын да ойдағыдай бітіреді. Бірақ нә- 
сілдік және таптық айырмашылық гендерлік 
айырмашылықтан асып түседі. Аз үлт өкілдері 
ішінде - ер адамдардың колледжге емтихан тап- 
сыруы - сирек жағдай.
6. Жоғары білім алу толықтай ақталады, себебі ке- 
йін табысы жоғары, жақсы жұмысқа орналасады, 
жұмыссыз қалу ықтималдығы сирейді. Сонымен 
қатар қаржылай артықшылық болмаса да, ұзақ 
өмір сүру сияқты мүмкіншілік береді.
7. 
Әлеуметтану жеке адамдардың діни сенімінің 
салдарын және басқа діндер мен әлеуметтік қү- 
рылымдардың байланысын зерттейді. Ол діни 
сенімнің дұрыс-бұрыстығын сараламайды.
8. Бұрынғы болжамдарға қарамастан, АҚШ-та се­
куляризация айтарлықтай артқан жоқ. Діни 
ұйымдардыц ықпалы әлі де күшті. Ал фунда­
менталиста топтардыц танымалдығы арта түс- 
кен. Діни ұйымдарға м үше болу және рәсімдерге 
қатысу бір қалыпты деңгейде және Еуропадағы 
көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.
9. Дюркгеймнің тұжырымдауынша, дәстүрлі тә- 
жірибені қолдаушы және үздіксіздік пен тұ- 
рақтылықты қамтамасыз етуші болгандықтан, 
дін функционалды болып табылады. Вебердің 
айтуынша, дін жаңа ойларды туындагады, сол 
арқылы әлеумегтік құрылымдарды өзгертуі 
мүмкін. Керісінше, Маркс «дін қалыптасқан 
жағдайды ұстап тұрушы консервативті күш 
қызметін атқарады» дейді. Кейінгі конфликт 
теориясын зерттеушілер діннің әлеуметтік 
шиеленістерді туындатуда немесе басуда атқа- 
ратын қызметін анықтады.
10. Діннің алдында әрдайым екі мәселе тұрады: 
зайырлы қоғамды қабылдау немесе одан бас 
тарту. Айналадағы қогамға бейімделетін және 
басқа діни топгарға түсіністікпен қарайтын 
адамдар діни ғибадатханаларға мүше болады. 
Заманауи өзгерістерге қарсы адамдар сектаға 
бірігеді. Жаңа діндер жаңа діни көзқарастарды 
ұсынады немесе қоғам мәдениетіне жат діндер- 
ді қолдана отырып, жаңа діни қозғалыстарды 
туындатады.
11. АҚШ-тағы жаңа діни құбылыс - фундаментализм- 
нің өршуі, жаңа ғибадатханалардың және ешбір 
дінді ұстанбайтын адамдардың пайда болуы.
12. АҚШ-тағы азаматтық дін - елді бірікгіретін ма- 
ңызды құрал. Ол көптеген сенімдерден (Құдай 
мемлекетті басқарады), мемлекеттік нышандар- 
дан (ту) және АҚШ-тағы барлық діни сенімдегі 
адамдар қасиетті деген рәсімдерден (АҚІІІ азама- 
тының адалдық туралы анты) тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет