Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет453/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Өлім-жітімнің азаюы
Демографиялық ауысуға дейінгі кезеңде өлім-жітімнің негізгі себебі 
азық-түліктің жеткіліксіздігінен болды. Нақты аштықтан қайтыс бол- 
ғандар көп болмағанымен, үнемі асқа жарымау, ауруға шалдығу қаупін 
күшейтетін. Мәселе - 1700 жылдан бастап оң шешімін тапты. XX ғасырдың 
басына дейін Солтүстік және Оңтүстік Америкада дақылдардың жаңа 
сорттарын (әсіресе жүгері және картоп) өсіру, ауыл шаруашылығының 
тың әдістері мен құралдарын қолданысқа енгізу, сонымен бірге сауда-сат- 
тықтың артуы Еуропа мен АҚШ-та тамақтануды жақсартты. Екіншіден, 
өлім-жігімнің азаюына өмір сүру деңгейінің жақсаруы себеп болды. 
Баспанасы жайлы әрі киімі бүтін адамдардың денсаулығы да түзеліп, 
ауру-сырқауға төтеп бере алатын болды. Жұқпалы аурулардың алдын 
алу, әсіресе жас нәрестелерді іш сүзегі мен іш өтуден сақтау мақсатында 
гигиенаны өзгерту маңызды қадам болды (Кіріе 1993).
XIX ғасырдың аяғына қарай ендірілген санитарлық техника таза 
ауыз сумен қамту және ағын суларды тазарту арқылы жұқпалы ауру- 
лардың таралуын азайта түсті. Мысалы, 1900-1970 жылдар аралығын- 
да орташа өмір сүру ұзақтығы «ақ» америкалықтарда 47 жастан 72 
жасқа дейін, ал афроамерикалықтарда 33 жастан 64 жасқа дейін үлғай- 
ды (U.S. Bureau of the Census 1975, 2006). Осылайша, өмір сүру ұзақтығы 
шамамен 1600 жылдан бастап артқанымен, оның күрт көтерілуі XX ға- 
сырдың алғашқы онжылдықтарына сәйкес келді. Медициналық сала- 
ның дамуы жалпы өмір сүру ұзақтығының алтыдан бір бөлігіне ғана 
ықпал етті (Bunker, Frazier, & Mosteller, 1994). Денсаулық сақтау шара- 
ларына қарағанда, бұл ретте тамақтанудыц жақсаруы мен өмір сүру 
деңгейінің жоғарылауы маңызды рөл атқарды (McKinlay & McKinlay 1977; 
Weitz, 2010). Қызықты жайт - елдегі өмір сүру деңгейі жан басына шаққан-
әлеуметтану және сіз
Сіз даму жағынан артта қалған 
елге саяхаттап көрдіңіз бе? Егер 
ондай елге барған болсаңыз, бір 
немесе бірнеше күн инфекциядан 
ішіңіз ауыруы мүмкін. Кейбір 
жағдайда денсаулығыңыз 
мазаламауы да ықтимал. Бірақ 
ондай елдерде безгек, гырысқақ, 
дизентерия сияқты аурулардан 
жыл сайын миллиондаған 
адам көз жұмады. Америкалық 
саяхатшылар оган қалай 
қарсы тура алады? Вакцина, 
антибиотиктер және су мен 
сабын көмектеседі. Алайда ең 
маңыздысы - дамыған елден 
келген туристердің денсаулығы 
да мықты болады. Олар жақсы 
тамақтанады, жақсы қорғалған 
және жақсы киінеді. Сол себепті 
олардың ағзалары қауіпті 
микробтарға төтеп беріп, 
инфекциямен күресе алады.
Демографиялық ауысу - 
халықтың туу және өлім 
көрсеткіштерінің жоғарыдан 
төменге қарай ауысу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет