Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет488/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Конфликт теориясы: ресурстарды
жумылдыру
Құрылымдық функцияшылдар қоғам үйлесімді қызмет етеді деп тү- 
жырымдаса, конфликтология теорияшылары депривация қақтығыс- 
тардың, бәсекенің және осылардың салдары ретінде кең таралады деп 
қарайды. Егер әлеуметтік қозғалыстарға депривация ғана түрткі бол- 
са, онда өмірде қозғалыстар үздіксіз жүріп жатар еді. Дегенмен әлеу- 
меттік қозғалыстар мезгіл-мезгіл шығып отырады. Сондықтан конф­
ликтология теорияшылары салыстырмалы депривация әлеуметтік 
қозғалыстардың туындауын толықтай түсіндіре алмайтынын алға 
тартады. Олардың тұжырымдауынша, депривацияға ұшыраған адам­
дар күресу үшін ресурстарын тиімді жұмылдыра алса ғана әлеуметтік 
қозғалыстар пайда болады. Бүл 
т е о р и я р е с у р с т а р д ы ж ұ м ы л д ы р у
деп 
аталады және әдетте мұны америкалық әлеуметтанушылар жиі қол- 
данады (McAdam & Snow, 1997).
Ресурстарды жүмылдыру теориясына сәйкес, депривацияны қоз- 
ғалысқа айналдыратын түрткі - ашу мен ыза емес, ұйымдасу және 
ресурстар. Сондықтан әлеуметтік қозғалыстар кедейлерге қараған- 
да бақуатты қоғамда жиі болады. Байлар саны аз болса да бақуатты
Ресурстарды жумылдыру 
теориясы бойынша депривацияга 
ұшыраған адамдар күресу үшін 
ресурстарын тиімді жұмылдыра 
алғанда әлеуметтік қозғалыстар 
пайда болады.


438
15-ТАРАУ
і

АҚШ-тағы «иммигранттардың 
I құқығын қорғау» қозғалысы -
«көтерілісшіл сананың» көрінісі: 
иммигранттар мен оларды 
қолдаушылар өзгеріс қажет 
екендігіне және ол мүмкін 
екендігінде сенімді.
Саяси процесс теориясы
бойынша әлеуметтік қозғалыстар 
саяси мүмкіндіктер қолжетімді 
болғанда, сонымен бірге адамдар 
өзгеріс қажет және ол мүмкін деп 
санаған жағдайда туындайды.
Саяси мүмкіндікке жаңа 
қозғалыстың көшбасшыларын 
мүшелермен, телефон желісімен, 
компьютерлермен және басқа 
ресурстармен қамтамасыз ете 
алатын ұйымдар ие болады.
Көтерілісшіл сана дегеніміз -
өзгеріс қажет және ол мүмкін деп 
санайтын жеке ой.
қоғамда наразылық білдіруге қажетті қандай да бір ресурстар бәрібір 
болады. Осылайша, әлеуметтік қозғалыстардың негізі - ұйымдасқан 
топтар, ал олардың көшбасшылары төмен таптың наразы өкілдері 
емес, қолында ресурстары бар адамдар болып шығады.
Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың дамуы ресурстар- 
ды жұмылдыру жылдамдығын арттырды. Мысалы, 2011-2012 жылда- 
ры араб әлемінің белсенділері үкіметке қарсы үндеулер таратып, кө- 
лемді ереуілдер ұйымдастыру үшін үялы телефондарды, электронды 
поштаны, Facebook және Twitter желілерін қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет