зер зиянын талдайды. Айқын және жасырын
функциялар мен дисфункцияларды анықтау
оның аналитикалы қ негіздерінің бір бөлігі
болып табылады.
5. Конфликт теориясы Карл Маркстың адамның
мінез-құлқына және қоғамдық өміріне конф-
ликтінің және бәсекенің маңызды әсері тура-
лы идеялары арқылы қалыптасты. Ол әлеумет-
тік құрылымдарды «Бұдан кім пайда табады?»,
«Олар бұл артықшылықтарды қалай сақгап
тұрады?» деген сұрақтар қою арқылы талдай
ды. Бұл теория ымыраға келуге қарағанда қақ-
тығыстың маңызды екенін және өзгеріс қақты-
гыстың оң нәтижесі екенін айтады.
6. Символдық интеракционизм теориясы адамдар
арасындағы өзара әрекетке түсудің субъектив-
ті мәнін және адамдардың ортақ символдық
мән-мағыналарды дамытатын және қалыптас-
тыратын процестерін зерттейді.
7. Әлеуметтану эмпирикалық дәлелдерді сыни
және жүйелі тексеруден тұрады. Әлеуметтік
зерттеу процесі мәселені анықтау, негіз әзір-
леу, деректерді жинау, үлгілерді табу, теория
түзу деген бес кезеңнен тұрады. Бұл қадам
«ғылым дөңгелегі» деп аталатын үздіксіз
циклді құрайды. Деректерден теорияға қарай
ауысу индукция деп аталады, теориядан бол-
жамға ойысу - дедукция деп аталады.
8. Кез келген зерттеу жобасы зергтелетін айныма лы
шамаларды анықтап, олардың операцияланған
анықтамаларын тауып, сол айнымалы шамалар
ды зерттеуге арналған кейстердің өкілдік үлгіле-
рін қалай алуға болатынын пысықтайды.
9. Себен-салдарлық болжамдарды сынаудыц
жақсы жолы - эксперимент. Дегенмен экспе-
Достарыңызбен бөлісу: |