Бұл бізге не береді?
Әлеуметтану - қызықты әрі сан қырлы сала. XIX ғасырдың басында
ол университеттік білім беруде басты рөл атқаратын негізгі әлеу-
меттік ғылымға айналды. Оның теориялық тұрғыдан негізгі үш құ-
рамдас бөлігі - құрылымдық функционализм, конфликт теориясы
және символдық өзара әрекетке түсу әлемге ерекше көзқараспен қа-
рауға мүмкіндік берсе, әртүрлі әдіснамалық тармақтары сан қырлы
қоғамдық өмірді зерттеуге қажетті құралдар ұсынады. Бүл қүралдар
әлеуметтанушылардың әлемді түсініп қана қоймай, оны жақсартуы-
на да көмектеседі.
Қорытынды
1. Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды жүйелі түр-
де зерттейтін, қоғамдық қарым-қатынас және
қоғамтуралы ғылым. Қоғамдегеніміз-ортақгео- 2.
графиялық аумақта орналасқан, экономикалық,
мәдени және саяси байланыстар біріктіретін әрі
«Адамдар бір-бірімен қалай әрекетке түсуі ке-
рек» деген сүраққа жауап ретіндегі ойлары бір
жерден шығатын, ұзақ өмір сүретін қауым, ұлт
немесе сол сияқты ірі топ. Әлеуметтік қиялды
пайдаланған кезде біз әлеуметтік құрылымдар
адамның мінез-құлқы мен жеке проблемалары-
на қалай ықпал ететінін түсінеміз.
Индустриялық революциядан кейін қарқын
алған әлеуметтік өзгерістер әлеуметтанудың да-
муына кең жол ашты. Жедел әлеуметтік өзгеріс-
терден туындаған мәселелер әлеуметтік процес-
тер туралы нақты ақпаратқа деген сүранысты
арттырды. Әлеуметтік мәселелерге бағытталу
әлеуметтанудың маңызды сипаты болып қала
береді.
|