60
1-ТАРА У
әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік күштерге байланысты еке-
нін халықтың түсінуіне көмектеседі.
Қоғам қызметіндегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылардың көбі ғалым ретінде өз жұмыстарын жеткі-
лікті бағалай алмайды. Дегенмен үкімет құрамында, бизнесте, ком-
мерциялық емес үйымдарда немесе ғылым саласында жүмыс істей
жүріп, қоғамды өзгертуге бар ынтасымен кірісетіндер де бар. Сон-
дықтан әлеуметтанушылар қоғамда оң өзгеріс жасау үшін қоғамдық
комиссиялар мен мемлекеттік мекемелерде қызмет етеді. Олар жеке
жүріп те, «ұлтаралық ынтымақтастық пен әділеттілікті дамыту-
ға» ұмтылатын «Шекарасыз әлеуметтанушылар» секілді ұйымдар-
ға кіріп те («www.sociologistswithoutborders.org») өзгеріс жолында
тер төгеді.
Сонымен қатар көптеген әлеуметтанушылар қүқықтық істер
бойынша сарапшы ретінде қызмет етеді, судьялар мен адвокаттар
әлеуметтанулық зерттеулерді сот істерінде пайдаланады. Мәселен,
2010 жылы Вашингтон штатының судьялары тұтқындалған, соттал-
ған және жазасын өтеп жүрген азшылық топ өкілдерінің кемсітіліп
жатқанын дәлелдейтін әлеуметтанулық зерттеулерді негізге ала
отырып, түрмедегілерді дауыс беру қүқығынан айыру туралы заңды
қабылдамай тастады (Ortyl & Minyard, 2010). Осы зерттеулердің негі-
зінде судьялар «бұл заң азшылық өкілдерінің көбін (заңсыз түрде)
дауыс беру құқығынан айырады» деген қорытындыға келді.
Достарыңызбен бөлісу: |