Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет151/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   870
Тіл -  символ ретінде

Ортақ тіл -  бір халықтың мәдениеті ортақ екенін айғақтайтын ең көр- 

некі  символ. Тіл  өзгешілігі  арқылы  бір халықты  екіншісінен  ажыра- 

туға болады немесе керісінше, ортақ тілдің болуы халықтың бірлігін 

паш етеді (Joseph  et al.  2003;  Romaine, 2000; Trudgill, 2000).  Осы  себепті 

өз мүшелерін жүмылдыруға  тырысатын топтар  ортақ тілде  сөйлеуді 

талап етеді. Мысалы, 1900 жылдардың басында Еуропаның геттолары- 

нан сол кездегі Палестинаға көшкен  алғашқы  еврейлер  өз қауымдас- 

тығындағы барлық адамнан иврит тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ 

тек дұға  кезінде  болмаса  жүздеген жылдар  бойы  еврейлерден  ешкім 

иврит тілінде  сөйлемеген  еді.  Соған қарамастан,  бірнеше  онжылдық 

ішінде иврит Израильдің мемлекеттік тіліне айналды.

Сол  сияқты,  соңғы  жиырма  жылда  кейбір  америкалықтар  екі 

тілді оқытуға қарсы шығып, ағылшын тілін АҚШ-тың жалғыз мем- 

лекеттік  тілі  етіп  жариялауды  талап  етіп  келеді,  ал  канадалық 

француздар  -   француз  тілін  Квебектің  мемлекеттік  тілі  ету  үшін 

күрескен  (Dalby,  2003).  Мексика  мен  Франциядағы  мемлекеттік  құ- 

рылымдар ағылшын сөздерінің испан және француз тілдеріне еніп 

кетпеуі үшін күресіп келеді. Бұл әрекеттің барлығы -  символ үшін 

күрес,  себебі  кез  келген  елдегі  иммигранттар  болсын,  тұрғылық- 

ты азаматтар болсын, барлығы ең жоғарғы қоғамдық мәртебесі бар 

және қоғамдық түрғыдан ыңғайлы тілге қарай ұмтылады  (Ricento 

& Burnaby,  1998).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет