ӘЛЕУМЕТТЕНУ
111
үйренеміз және көбінесе бұл мінез-құлық пен құндылықтарды
өзіміздікі ретінде қабылдаймыз. Кейде әлеуметтену процесін анық
байқауға болады: ата-анасы бәлішті рұқсатсыз алып жатқан ба-
ланың қолын қағып жібереді; дін қызметшісі күнәнің жазасы бар
екенін уағыздайды; бір қыз басқа қызға қалай қыл.ымсуды үйре-
теді. Басқа кездері әлеуметтену процесі айқын көрінбейді; жай ғана
өміріміздің бір бөлігі ретінде қабылданады. Мысалы, қарапайым
америкалықтар күн сайын бірнеше сағат теледидар көреді. Теледи-
дар көру арқылы олар «Қылмыс орны (C.S.I.)» телесериалында осы
аптадағы құрбандықты кім өлтіргенін немесе American Idol шоу
бағдарламасының осы маусымдағы жеңімпазы кім екенін біліп
қана қоймай, айналадағы дүниені түсінудің жолдарын меңгереді:
осы арқылы зорлық-зомбылықтан қорқуды және полицияға сенім
артуды, табыс, талант және атақты бағалай білуді, байлықты құр-
меттеуді және тағы басқа құндылықтарды қадірлеуді үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: