Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет220/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   870
ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

113


Өзара тәуелді күштер: 

қоғамдық құрылым және 

әлеуметтік өзара әрекеттестік

Әлеуметтанушы  мамандығын  таңдаған  адамдардың  көбі  үйсіздік,  пси- 

хикалық аурулар немесе нәсілдік теңсіздік секілді белгілі бір әлеуметтік 

проблемаларды  зерттеуге  қызығып, ғылым жолына түседі.  Бұл  пробле- 

малар жалпы қоғамдық құрылымдарда да, күнделікті әлеуметтік өзара 

әрекеттестікте де молынан кездеседі. Мысалы, Америка Құрама Штатта- 

рында нәсілдік теңсіздік, бір жағынан, ұлттық экономиканың және сая- 

си институттардың табиғатынан туындайды. Ақ нәсілден басқа қауым- 

дастықтар тұратын жерде жақсы жалақы төлейтін жұмыс орындары аз 

және бұл қауымдастықтардың жұмыс орнын ашатын корпорацияларға 

ықпал ететіндей саяси билігі жоқ. Нәсілдік теңсіздік күнделікті өмірде де 

жиі кездеседі, мұғалімдер ақ нәсілді оқушылармеи салыстырғанда басқа 

нәсілді оқушыларға аз уақыт жұмсайды, ал полиция қызметкерлері ақ 

нәсілділерге қарағанда басқа нәсіл иелері қылмыс жасауға бейім тұрады 

деп есептейді. Осы мысалдар көрсеткендей, қоғам мен әлеуметтік проб­

лемаларды толық түсіну үшін әлеуметтанушылар қоғамның құрылымы 

мен әлеуметтік өзара әрекеттестікті зерттеуі керек. Бүл тарау қоғамның 

осы екі негізгі ерекшелігін сипаттайды. Қоғамдық құрылымдар туралы 

зерттеу  құрылымдық-функциялық  теорияға  немесе  конфликт  теория- 

сына негізделеді. Ал әлеуметтік өзара әрекетке түсу төңірегіндегі зерттеу 

әдетте символдық интеракционизм теориясына негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет