Оджибуейдің болашағы
1985 жылы үкіметтің саясаты мен қағаз фабрикасының кесірінен
өмір салты өзгеруінің өтемі ретінде оджибуей қауымдастығы 16,7
миллион доллар өтемақы алу жөнінде соттан тыс келісімге келген.
Алайда арада 20 жыл өтсе де әлі күнге табиғаттың ластануы - денсау-
лық сақтау мен экономика салаларының басты проблемасы болып
отыр (Envirowatch, 2006). Оның үстіне, сырттағы корпорациялардың
кен өндіру, ағаш кесу әрекеттері тайпа өміріне және қоршаған ор-
таға жаңа қауіп-қатер төндірді. Соған қарамастан оджибуей қауым-
дастығы бас көтеріп, жарақаттарын жаза бастады. Олар балаларға
оджибуей тілін үйрететін мектеп бағдарламаларын әзірледі, резер-
вацияның ақшасын пайдаланып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік
беретін жаңа өнеркәсіп орындарын ашты, оған қоса олар табиғатқа
төнген жаңа қатерлерге төтеп беру үшін саяси тұрғыда жұмылып
келеді (Envirowatch, 2006). Олар ескі қоғамдық институттарды қал-
пына келтіріп, жаңаларын қалыптастырып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |