Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет246/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   870
К үнделікті өм ір ді басқару

Күнделікті өмірдің 

әлеуметтануы біздің қарапайым, 

бетпе-бет байланыстарымызды 

қалыптастыратын процестерге 

назар аударады.

Күнделікті  өміріміздің  көп  бөлігі  күйбең  тіршіліктен  тұрады.  Мы- 

салы,  күн  сайын  жұртпен  әңгімелесу  арқылы  түрлі  қарапайым 

нәрселерді  үйренеміз  және  сол  үйренгендерді  орын-орнымен  пай- 

даланамыз.  Біреу «Сәлем, халің қалай?» деп сұраса, оған «Жақсы, өз 

халің қалай?» деп жауап  беретін қарапайым рәсімдерді күніне сан 

қайтара  орындаймыз.  Бұл рәсімдерге  «Рақмет/ Шүкіршілік» немесе 

«Кешіріңіз/  Ештеңе  етпейді» деген  сияқты  бірер  стандартты жауап- 

тарды қосыңыз.

Дегенмен эр кездесу проблема тудыруы ықтимал.  Мәселен, қара- 

пайым қоғамдық рәсімді орындап, әлдекімнен:  «Сәлем, хал қалай», - 

деп сұрасаңыз ол сізге 20 минут бойы басындағы тауқыметін айтып 

тұрып алса қайтер едіңіз? Әкеңіз «көліктің кілті қайда» деп сұраса, ал 

оны ағаңыз рұқсатсыз алып кеткен болса не істейсіз? Екінші тарауда 

әр  мәдениеттің  бізге  күнделікті рәсімдерге  қажетті құралдар жиын- 

тыгын ұсынатынын айттық, олардың қайсысын қалай, қашан, қайда 

қолдану керектігін өзіңіз шешесіз.

Әр  кездесудің  алдында  адам  екі  проблеманы  шешіп  алуы  керек: 

1) қазір не болып жатыр, бүл әрекеттің сипаты қандай? 2) болмыстары- 

мыз қандай, яғни актерлар кімдер? Барлық әрекеттеріміз осы сұрақтар- 

ға  берілетін жауаптарға  байланысты  болмақ. Тіпті дәлізде  кетіп  бара 

жатқан бейтаныс адамды елемеу туралы шешімнің де осы сұрақтарға 

қатысы бар. Мұны қалай орындаймыз?



Қалыптар

Біреумен кездескендегі ең алғашқы әрекетіміз -  «Мұнда не болып жа­

тыр?»  деген  сұраққа  жауап  іздейміз.  Осы  жауаптың  арқасында  бұл





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет