э к с п р е с с и в т і қ а ж ет -
т іл ік т ер ін
өтеу, яғни адамға эмоциялық қолдау көрсегіп, оның әлеу-
меттік топқа қатысы бар екенін сезіндіру. Біреумен араздасып, соған
қайғырып отырсаңыз я туған күніңізді тойлағыңыз келсе достарыңыз-
ға не отбасы мүшелеріне айтасыз. Сонымен бірге негізгі топтар біздің
и н с т р у м е н т а л д ы қ қ а ж е т т ік т е р ім із д і
де өтейді. Көлігіңіз бүзылып,
көмек қажет болғанда негізгі топ мүшелерінің біреуіне хабарласасыз.
Науқастанып қалғанда сіздің орныңызга жұмыс істеп беретін де, жа-
рым түнде көлігіңіз бұзылып, далада қалғанда көмекке келетін де осы
топтың мүшелері.
Адам негізгі топқа қатты мүқтаж. Сондықтан ол өзінің құндылық-
тарын қабылдауымызға үлкен ықпал етеді. Негізгі топтар қоғамдық
бақылаудың ең маңызды агенті рөлін де атқарып жатады. Мәселен,
көп жігіттер жолдастарына ілесіп әскерге барады. Көп адам «ата-анам,
достарым я қызметтестерім біліп қойса ұят болады» деп дүкенге үр-
лыққа түсуден бойтартып, заңға бағынады. Біз негізгі топтарымыздың
қолайына жағатындай етіп киім киеміз, әрекет етеміз, дауыс береміз,
дінге сенеміз, т.с.с. Яғни біз топтың дегеніне көнеміз. Егер бізді негізгі
тобымыздың ықыласына бөлену мақсатында оның тәртібіне бағыну
қажеттілігі тоқтата алмаса, онда бізді бағындыруға заңның күші жете
бермейді. Бірақ, егер біздің негізгі тобымыз дүкенде ұрлық жасау, са-
лық төлеуден жалтару дұрыс деп санайтын болса, онда олар бізді заңға
бағынудың орнына, керісінше, құқық бүзуға итермелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |