ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӨНЕ ҰЙЫМДАР
145
өзгерту үшін қысым жасай алады, біреуді ұрып-соғуға немесе тіпті кісі
өлтіруге итермелеуі мүмкін. Некелік қатынастағы, шіркеулік және дос-
тық қарым-қатынастағы топтардың тұтастығының өзіндік ерекшелігі
бар. Бір некенің немесе бір шіркеудің келесі бір некеге немесе шіркеу-
ге қарағанда ауызбіршілігі жогары болуының себебі неде? Оған эсер
ететін факторлар ретінде топ көлемінің шағындығын, мүшелерінің
бір-біріне ұқсастығын, өзара әрекеттесудің жиілігі мен ұзақтығын, топ
мүшелері мен бөгде адамдар арасындағы нақты айырмашылықтарды,
сырт адамдармен сирек қарым-қатынаста болуын және т.б. атап көрсе-
туге болады (McPherson & Smith-Lovin, 2002). АҚШ-тағы барлық заңды
отбасы мүшелерінің саны бірдей (екі мүшеден тұратын) болса да әдетте
мінезі бір-біріне сай келмейтін жүбайлар немесе бірнеше күн яки апта-
лап бір-бірінен жырақта жүретін отбасыларына қарағанда мінезі ұқсас
жэне көп уақытын бірге өткізетін ерлі-зайыптылардан құралған отба-
сының тұтастығы жоғарырақ болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |