отырғанын көрсетеді.
146
5-ТА РА У
ретінде алынады. Эксперимент талабы бойынша оқытушы екі сөзден
тұратын сөз тіркесін оқып береді, оқушы соны есінде сақтауы тиіс. Со-
дан кейін оқытушы оқушыға элгі сөздерді екінші рет оқып береді, тек
бұл кезде әрбір сөз тіркесінің алғашқы сөзі мен төрт жауабы берілуі
керек. Егер оқушы дұрыс жауап бермесе оқытушы дұрыс жауапты өзі
айтып, оқушыны электр тоғымен (басқа бөлмеде орналасқан) соқты-
рады. Оқушы қателескен сайын электр тоғының кернеуі жоғарылаты-
лады. Эксперимент жүргізуші оқытушыға оқушы барлық сұрақтарға
дұрыс жауап бергенше сөз тіркестерін көрсетілгендей әдіспен оқыту-
ды жалғастыра беруді тапсырады.
Шындыгында, экперимент барысында оқытушы да, оқушы да
Милгрэмнің өзімен жұмыс істеген және жалған «электрлік соққы»
қолданылған. Мәселе оқытушының не істейтіндігінде болатын. Экс
перимент нәтижелері жантүршігерлік болып шықты: оқытушылар-
дың үштен екісі тіпті электр соққысы құрылғысындағы «қауіпті: ауыр
соққы» деп көрсетілген (үш қызыл түсті X әріптері) нүктеге жеткеннен
кейін де тоқ жіберуді тоқтатпаған. Эксперимент барысында оқушылар
алғашқыда өздерін сабақтан босатуды сұрайды, кейін қатты ауырсы-
нып тіпті шыңғырып, соңында үнсіз қалған жағдайлар да болтан.
Өкінішке қарай, кейінірек АҚШ пен басқа елдердегі осындай
эксперименттер барысында адамдардың 61-66 пайызы басқаларға
ауыртпалық әкелетінін біле тұра экспериментатордың нұсқауларын
орындауға дайын екендіктерін көрсеткен (Blass, 1999; Burger, 2009). Бұл
нәтижелер бойсұну мен топтық ынтымақтастыққа үйретілген аме-
рикалық жауынгерлердің не себепті Абу-Грейбте, Гуантанамода және
басқа жерлерде бұйрық берілген жағдайда тұтқындарды қорлауға
дайын болғандығын түсіндіріп береді.
Достарыңызбен бөлісу: