Конформизмге жүргізілген соңғы зерттеулер
Кейбір зерттеушілер адамдардың белгілі бір топқа мүше болуы, олар-
дың сол топтың өлшемдеріне сәйкес келуіне ықпал етеді деп көрсе-
теді. Мысалы, жақында жүргізілген бір зерттеуде (Wilier, Kuwabara &
Масу, 2009) ерікті алты студенттен үш алкогольсіз шараптың сапасы-
на бага беру сұралған. Шын мәнінде, алынған шараптардың үшеуі де
бірдей болатын, тек біреуіне ғана сірке суы араластырылған. Экспери
мент жүргізуші бес студентпен алдын ала келісіп алған. Эксперимент
шынайы қатысушыларға дейін шарапты аталған бес студент татып
көріп бағалайтындай етіп үйымдастырылды. Эксперимент барысын
да студенттердің бесеуі де екінші шараптың сапасы басқа шараптар-
дан айтарлықтай төмен деп бағалайды. Эксперименттің екінші бөлі-
гінде студенттердің бірі шараптарға дұрыс баға береді. Нәтижесінде,
қатысушылардың 53 пайызы студенттердің жалған бағалауын бас-
шылыққа алған, ал 6 пайызы сірке суы бар шарапқа қарағанда екінші
шараптың сапасы төмен деген шешімге келген! Бүл эксперимент бөгде
топ мүшелерінің адамдары бейтаныс болса да, адамдар топтың ықпа-
лына түсуге бейім болып келетінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |