ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
169
маңызды деп есептесе немесе көшенің бұрышында әлдебіреудің есірт-
кі сататынын көріп, дереу полицияға қоңырау шалса; психикалық
ауру адамның саябақта тұрғанын немесе жасөспірімді әлдекімнің
жазықсыз жазалап жатқанын көріп, бірден әлеуметтік қызмет өкіл-
дерін шақырса, онда сіз тұратын ауданның ұжымдық тиімділігі
жоғары деп есептеледі. Ұжымдық тиімділік қүрылымдық ахуалы
жақсы аудандарда жиі кездеседі: олардың жүмыспен қамтылуы мен
үй сатып алу мүмкіндігі жоғары, ал жұмысы мен табысы олардың өз
өмірін бақылауға деген ұмтылысын оята алады. Сондай-ақ олар қажет
кезінде полиция мен коммуналдық қызметтердің көмегінен де үміт-
тенеді. Үжымдық тиімділік теориясына сүйенер болсақ, шамадан тыс
құрылымдық кемшіліктерге үшырайтын аудандарда девианттылық
болу мүмкіндігі жоғары. Соның кесірінен мұндай аудандарда үжым-
дық тиімділік төмен болады. Бұл теорияның эмпирикалық дәлелдері
көп және девианттылықтың заңсыз түрі жөніндегі проблемада ықпа-
лы айрықша артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: