Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет328/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   870
Конфликт теориясы

Құрылымдық-функциялық  теорияның  пайымдауынша,  девиантты- 

лық әлеуметтік  құрылым  бөліктерінің  (нормалар,  мақсаттар  мен  ре- 

сурстар)  арасында  интеграция  жоқтығынан  болады.  Осы  тұрғыдан 

алғанда, девианттылық -  қалыптан тыс  жағдайлардан туындайтын 

жалпы  нормадан  ауытқыған  құбылыс.  Алайда  конфликт  теориясы 

девианттылықты  кейбір  топтардың  қат  ресурстарға  басқалардан 

гөрі қолжетімділігі жоғарырақ болатын қоғамдағы  бәсекенің табиғи 

және  қашып  құтыла  алмайтын  өнімі  ретінде  қарасгырады.  Бұл  тео- 

рияны  жақтайтындар  әділетсіз  бәсеке  девианттылықты  зерттеуде 

көңіл аударатын басгы жайт болуы керек деп есептейді (Lemert,  1981; 

Reiman, 2005).

Конфликт  теориясының  болжауы  бойынша,  девианттылық- 

тың анықталу жайы  мен  сол девианттылыққа  кімдердің қатысты 

болуына  әлеуметтік  топтардың  арасындағы  бәсеке  мен  қақтығыс 

эсер  етеді.  Конфликт  теориясын  девианттылыққа  қатысты  қолда- 

нуға  болады, дегенмен  ол көбінесе  қылмыстың  өзін  және  қылмыс- 

тық  заңды  түсіндіруде  қолданылады.  Тарихи  тұрғыда  ол  гаптық 

қайшылықтардыц  әсерін  зерттейді.  Сонымен  қатар  бұл  теория 

нәсілдік,  этностық және гендерлік конфликтілерді талдау үшін де 

жиі қолданылады.

Мертон инновация терминін 

әлеуметтіктурғыда мақұлданған 

мақсаттарға жету үшін (мысалы, 

жарыста жеңу) мәдениет 

мақулдамайтын (мысалы, стероид 

қолдану) әдістерді қолданатын 

адамдарға қатысты пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет