Стратификация құрылымының түрлері
Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда
байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар сана-
тын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгілен-
ген және қол жеткен мәртебелеріне негізделу деңгейінен туындайды.
4-бөлімде айтылғандай, аскриптивті (белгіленген) мәртебе - туа біткен
табиғи және мирас жолымен берілетін, өзгермейтін мәртебе.
Қол жеткізген мәртебе - адамның өмір жолында иеленетін мәрте-
белері. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу - белгілен-
ген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам болу немесе дәрігер
болу - қол жеткізген мәртебе.
Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір
қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасын-
дағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың
бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификация-
ның қүрылымы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген ста-
тусқа негізделген қүрылым тапты қ жүйелер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |