190
7-ТАРАУ
Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің
кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы,
ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкін-
діктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына эсер етеді. Де-
генмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда тап-
тық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз. Қазіргі заманда таптық жүйелер
басым, сондықтан бүл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.
Буржуазия - жұмыс жасауға
қажетті құралдар мен
материалдарды, ягни өндіріс
құрал-жабдықтарын иеленген ran.
Пролетариат - өндіріс
қүралдарына ие емес тап. Олар
өндіріс құралдарын иеленген
адамдарға жалданып өмір сүреді.
Тап - маркстік теория бойынша,
адамдарды өндіріс құралдарына
деген меншіктік қатынасы арқылы
жіктеу.
Таптық сана - адамдардың
өндіріс құралдарына өздерінің
қатынасын түсініп, нақты таптық
ерекшеліктерін мойындауы.
Таптар нешеу?
Таптық жүйелер - реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәрте-
белер кіреді және олар қалай жіктеледі? Бұл тарауда осы сұрақтарга
екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |