Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет362/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   870
Касталық жүйелер

Касталық жүйелерде адамның  бай  немесе кедей  болуы,  билік  басында 

немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты (Smaje, 

2000).  Егер  сіз  ер  адам  болсаңыз,  онда  әкеңіздің  кәсібін  меңгеру  талап 

етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел 

адам  болсаңыз,  анаңыздың  жолымен  үй  шаруасымен  айналысу  керек, 

әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам 

жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме -  бұл маңызды емес. 

Сонымен  қатар  касталық  жүйеде  әлеуметтік  жағдайы  өзіңіздің  жағ-



СТРАТИФИКАЦИЯ

189


дайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіздің 

және жүбайыңыздың мәртебесі беріледі.

Үндістан -  касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. 

Барлық  үнділер  (көпшілік  діні)  бедел,  билік  және  байлықпен  ерек- 

шеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға 

бөлінеді.  Касталық  жүйелер  қазір  Үндістаннын,  кейбір  мұсылман 

және христиан қауымдарында да кездеседі.

Кастадағы  мүшелік  тұрақты,  яғни  атадан  балаға  беріліп,  өз- 

гермей,  өмір  бойы  сақталады.  Үндістан  тәуелсіздікке  ие  болғаннан 

кейін,  1950  жылы,  касталық  жүйені  ресми  түрде  заңсыз  деп  жария- 

лады.  Содан  бері  елдегі 200  миллион далиттердің, яғни  «сот жоқ кас- 

таның»  мәртебесі арта түсті.  Алайда  олар әлі күнге дейін  кемсітуден, 

аса  кедейліктен  тіпті  кейде  оларға  қарсы  жасалатын  этностық  зор- 

лық-зомбылықтан зардап шегуде (Sengupta, 2008).



Таптықжүйелер

Таптық  жүйелерде  ресурстардың  тең  бөлінбеуіне  басты  себеп  бола- 

тын -  қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін 

анықтайтын басты факторлардың бірі -  кәсіби мамандану, бірақ ол туа 

қалыптаспайды.  Адам  кәсіпті  ата-анасына  қарағанда  әлдеқайда  жо- 

ғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктер- 

ге  жету  көбінесе  адамның  дарынына,  ынтасына  және  мамандығына 

байланысты.

Касталық  және  таптық  жүйелердің  арасындағы  негізгі  айыр- 

машылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігін- 

де. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі -  әлеуметтік ұтқырлық, 

яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен 

құлдырау  бағытында  болады.  Мұндай  ұтқырлық  ұрпақтар  арасын- 

да кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың 

білімі  болмаса,  сіз  бәрібір  әлеуметтік  ұтқырлықпен  жоғарылай  ала­

сыз.  Адамның  әлеуметтік  таптағы  орны  ауыспалы  болуы  ықтимал. 

Мысалы,  орташа  жастағы  инженер  жұмысынан  «қысқартылып», 

«Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса -  әлеуметтік 

ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны.

І

Үндістандағы көптеген далиттер 



(«сот жоқ каста») кедейлікпен, 

кемсітушілікпен күресуде.

Әлеуметтік шұғылдық -  адамның 

әлеуметтік таптағы орнының 

жоғары немесе төмен ауысуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет