Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет483/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   870
262

9-ТА РАУ

әлеуметтану және сіз

Сіз қазіргі сәтте өз гендеріңізді 

қалай қалыптастырасыз? 

Аяғыңызды алшайтып отырасыз 

ба, жоқ айқастырып отырасыз 

ба? Боянасыз ба? Қалай және 

қандай мақсатпен? Қандай түсті 

киім киюді қалайсыз? (Ер адам 

болсаңыз, қызғылт киім емес 

шығар.) Осы кітапты оқыганда 

кекс жеп отырсаңыз диетаны 

бүзғаныңыз үшін өзіңізден 

кешірім сұрадыцыз ба? Мұның 

барлығы - гендерді жасау 

мысалдары.

К о м п у л ь с и в т і г е т е р о с е к с у а л и з м  -  

адамның еркекке тән мінезін және 

гетеросексуалдылығын үнемі 

көрсетуі.

гендерлік істерді күн сайын атқарамыз. Мысалы, киім таңдап, (ерлер 

де, әйелдер де) не юбка  немесе джинсы киеміз, сыпайы  немесе батыл 

сөйлейміз.  Осылайша,  гендерлік  әлеуметтік  құрылымға  қатысамыз. 

Бұл туралы  ойлануға тағы бір себеп -  гендердің біз иелік еткен нәрсе 

емес, біз жасайтын нәрсе екендігі.

Жасөспірімдік кезең адамның өзін-өзі белсенді түрде танитын 

уақыты болғандықтан сол жылдары гендерді қалыптастыру аса ма- 

ңызды. Біз гендер туралы айгқан кезде қыздар мен әйелдерге назар 

аударамыз, алайда ұлдар үшін де гендерді қалыптастыру маңызды. 

Бұны  асыра  талап  ету  ұл  баланы  компульсивті  гетеросексуалды- 

лыққа  жеткізуі  мүмкін.  Компульсивті  гетеросексуализм  -   адам- 

ның ер адамға тән мінезі мен қасиеттерін үнемі көрсетуі (үстем мә- 

дениеттерде  гетеросексуалдылығын  көрсетуі  де).  Калифорниялық 

жоғары мектеп оқушылары арасында зерттеу жүргізген әлеуметта- 

нушы С.Дж.Паско (2007) ер балалардың бір-біріне сексуалдық жетіс- 

тіктері  туралы  әңгімелейтінін  анықтады.  Олар  қыздарды  физика- 

лык; қатерге душар  ету немесе қыздарға  шабуыл жасау, жыныстық 

қатынасқа  көндіру  қаупін  төндіріп,  қыздарға  шабуылдауды  ойла- 

ған.  Бәрінен  де  шошытатыны  -   қыздар  күштеу  қаупіне  ұшыраған 

жағдайда  да  мүғалімдер  бұл  әрекеттерге  кедергі жасамаған.  Ұл  ба- 

лалардың әрекеттері мен мұғалімдердің әрекетсіздігінің ұштасуы, 

мүндай қылық ерлерге тән табиғи нәрсе деген сенімдері ұлдардың 

өзді-өздеріне  және  басқаларға  осы  сенімдерін  дәлелдеуге  ықпал 

еткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет