Гендер - әлеуметтік құрылым
Гендер - әлеуметтік құрылым, қоғамның құрамына енеді (Risman
1998). Жұмыс орны күндізгі күтімді қамтамасыз етпеген жағдайда
гендер әлеуметтік құрылымға айналады. Әйелдер бірдей еңбекақы
алмайды; әкелер бала тууына байланысты демалысқа шықпайды.
Баскетбол доптары, басшылыққа арналған орынтақтар, электр құрал-
дары орташа ер адам үшін ыңғайлы болатын өлшемде жасалады. Үй
шаруашылығына әйелмен бірдей қатысатын күйеулер достарының
күлкісіне қалады. Мацыздысы, гендерлік рөлдер мен көзқарастардағы
өзгерістер бір жағдайда - егер гендердің әлеуметтік қүрылымында қа-
тарласқан өзгерістер болса ғана қоғамның өзгеруіне алып келеді. Сон-
дай-ақ әлеуметтік құрылым өзгерсе, гендерлік рөлдер мен көзқарас-
тар да өзгереді. Мысалы, Барбара Рисман анықтағандай (1998), әйелі
қайтыс болған немесе тастап кеткен ер адамдар өздерінің балаларына
күтім көрсетуді тез арада үйреніп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |