Жұмыс және табыс
16 жастан асқан америкалықтардың арасында ерлердің 72 пайы-
зы, әйелдердің 59 пайызы жұмыс істейді (АҚШ халық санағы бюро-
сы, 2011 ж.). Бүл алшақтық бүрынғыға қарағанда әлдеқайда азайды,
бәлкім әлі де азая түсер. Көптеген әйелдер тұрмыс қүрып, отбасына
қызмет етуден үміттенсе, жұмыс істеуді қалайтын әйелдердің саны
одан да көп. Сонымен қатар соңғы бірнеше жылда жүмыс орында-
рынан айырылған ерлер саны әйелдерге қарағанда көбірек. Себебі ер
адамдар көбінесе экономикалық дағдарысқа ұшыраған экономика
секторында - өндіріс пен құрылыс саласында жұмыс істейді.
Алайда еңбек күштерін тартуда теңсіздік өсіп келе жатқанына қа-
рамастан, ерлер мен әйелдер табысының арасындағы айырмашылық
сақталып отыр. Жыл бойы толық уақыт жұмыс істейтін әйелдердің
табыс мөлшері ерлер табысының 80%- на тең (АҚШ халық санағы бю-
росы, 2011с). Бұл пайыз 1950 жылдан бері біршама өзгерді.
Неліктен әйелдердің табысы ерлердің табысынан төмен? Бұл
сүраққа жауап беру үшін мамандықтар бойынша жыныстық айыр-
машылықтарды қарастыруымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |