Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет538/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   870
294

10-ТАРАУ

медициналық-санитарлық  көмек  көрсетілетін  елдерде  және  бірдей 

көрсеткіште темекі тартып, спирттік ішімдік ішетіндерді, семіздерді 

салыстырғанда да байқай аламыз (Banks et al., 2006). Мұндай айырма- 

шылықгар  балалық шақтан басталады. Мысалы,  Нью-Йорк қаласын- 

дағы жетімдер үйінде тәрбиеленетін балалардың 50 пайызы демікпе- 

мен ауырады,  ал кедей  отбасы  балаларының 25 пайызы және жалпы 

қалада түратын балалардың 6 пайызы осы ауруға шалдыққан (Perez- 

Репа, 2004).

Тап  пен  ауру арасындағы  себептік  байланыс  өте  күрделі  (Robert 

&  House 2000;  Marmot, 2004; Wilkinson, 2005). Олар көп жағдайда кедей 

адамдардың  қымбат  медициналық  көмекке  қол  жеткізе  алмауына 

байланысты. Сөйтсе де экологиялық, экономикалық және психо-әлеу- 

меттік факторлар нашар денсаулықтың кедейлер қатарында жиі бай- 

қалуына  үлкен ықпал  етеді. Табысы  аз  адамдар  қауіпті және денсау- 

лыққа зиян, ауасы лас зауыттардың маңайында және сапасыз тұрғын 

үйлерде өмір сүреді. Олар тәуекел етіп, қауіпті жұмыстарға орналаса- 

ды, сапалы тамақтанбайды, көбірек күйзеліске ұшырайды және оның 

себептерін  бақылай  алмайды.  Нәтижесінде,  олар күйзеліс  ауруларға 

душар  болады. Табысы  жақсы  адамдар демалыс  алып, үй шаруасына 

көмектесетін  адам  жалдап,  күйзелісті  айналып  өтеді.  Ал  табысы тө- 

мен  адамдарда  ондай  мүмкіндік  жоқ.  Сонымен  қоса  кейбір  адамдар 

күйзелісті  жеңемін деп темекі тартып,  ішімдік  ішіп және  басқа ден- 

саулыққа зиянды әрекеттер жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет