290
10-ТАРАУ
10.1-КАРТА. АҚШ-тағы семіздіктіңтаралу аймағьі
Семіздікке шалдыққан адамдар саны Оцтүстік аймақта басым, ал Батыс аймақта аздау, бірақешбір штат семіздіктіңтөменгі
деңгейін көрсете алмайды. Семіздік деңгейінің өсуі, ең алдымен, тамақтануға және физикалық ортаның өзгеруіне байланысты.
Әлеуметтік желі осы қалыптасқан заңдылықтарды нығайтуға септігін тигізуде.
ДЕРЕККӨЗ: Centers for Disease Control and Prevention, 2011
Семіздік деңгейі
ІШТым жоғары: 30-35%
Cm Өте жоғары: 25-29%
бЗЖоғары: 21-24%
2006 жылы маусым айында Ротлисбергер мотоциклмен жол апатына
ұшырап, миы шайқалып, жарақат алады. Қорғаныш дулыға апат ке-
зінде өлім қаупінің үштен бірін, миға зақым келуінің үштен екісін се-
йілтетіні белгілі (National Highway Traffic Safety Administration, 2005).
Демек, ол қорғаныш дулығасын кимеген.
Осы оқыс оқиғадан кейін Ротлисбергер енді мотоциклді дулыға
кимей айдамауға сөз берді. Апатқа ұшырау қаупінің растығына, апат
зардаптары күрделі, тіпті қаза табу мүмкін екеніне көзі жетті. Авто-
көліктің алдыңғы әйнегіне басымен соғылып, қорғаныш дулыға өлім
мен бас жарақатын алу қаупін барынша төмендететінін түсінді. Осы-
ны түсінген соң, дулығаның бағасы мен ыңғайсыздығы секілді нәрсе-
лер оған үлкен кедергі болып көрінбеді.
Достарыңызбен бөлісу: |