санамайды.
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
291
әлеуметтік ықпалын тереңірек зерделесек, Маккинлей (1994) ауру
туғызуш ылар деп өлімге әкелетін әдеттер мен сондай әлеуметтік
жағдайды қолдайтын топтарды айтқанын түсінеміз. Мысалы, теме-
кі тартуға, сыра ішуге, жүйрік автокөлік айдауға, тапанша ұстауға,
тәтті тағамдарды көп жеуге жұрттың бәрі құмар. Бірақ оларға осы
заттарды ұнамды, қалаулы ететін - өндірушілер. Өз өнімдерінің
қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз болуын, жарнамасын кімге
және қалай жеткізуді, өнім сатылатын орындарды анықтайтын -
солар. Мысалы, автокөлік өндірушілер жол талғамайтын көліктер-
ді басқа автокөлікгер үшін қауіпсіз ететін бамперлерге қарсы бол-
ды, газды сусын өндірушілер өзінің жоғары калориялы өнімдерін
мектепте сату құқығы үшін күресті. Ал темекі өндірушілер жасөс-
пірімдер арасында темекі тартуға себепкер болды. Джо Кэмелдің
компаниясы жастарға арналған музыкалық концерттер мен фести-
вальдерді демеу секілді айла-тәсілдер қолданды. (Weitz, 2012).
Өлімнің басқа негізгі себептеріне жеке адамның қалауының
маңызы шамалы (Weitz, 2012). Адамдар қауіпті пестицидтермен жұ-
мыс істейді, құрамында қауіпті химиялық элементтер бар заңсыз
есірткіні ағзасына енгізеді және адам өміріне қауіп төндіретін қор-
ғасын құбырлы пәтерлерде өмір сүреді, өйткені оларда өзге таңдау
жасауға мүмкіндік жоқ. Олай болса, жұмысшыларды қауіпті жағдай-
да жұмыс істеуге мәжбүрлейтін корпорациялар, жекеменшігіндегі
ғимаратына жөндеу жүргізбейтін үй иелері, есірткі бақылауын же-
ңілдету үшін оны заңдастыруға қарсы саясаткерлер - ауруды туғы-
зушылар болғаны. Ақырында, бәрібір күтетін ешқандай жақсылық
жоқ деген ойдағы адамдар тоқаш жеуден бастап, есірткі қабылдау,
сақтану құралдарынсыз жыныстық қатынастар сияқты қауіпті іс-
Ауру туындатушылар -өлімге
әкелетін әдеттер мен сондай
әлеуметтік жагдайды қолдайтын
және одан өз пайдасын көретін
топтар.
Достарыңызбен бөлісу: