ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
307
Бірыңғай төлем жүйесі ем шараларының шығынын үш әдіс-
пен азайтуға тырысады (Weitz, 2012; Physicians for National Health
Program, 2009). Біріншіден, бұл әдістер өте тиімді: америкалық дә-
рігерге ондаған сақтандырушы апта сайын төлеу керек болса, кана-
далық дәрігер шығын есебін тек үкіметке ғана жібереді. Екіншіден,
бұлар коммерциялық емес: канадалық және британдық денсаулық
сақтау жүйесі тек медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Ал
АҚШ-тағы сақтандыру компанияларының мақсаты - акционерлері
үшін табыс табу. Нәтижесінде, АҚШ-тағы сақтандыру компания-
лары ауру адамдарды сақтандырудан қашады және сақтандыруды
жоюға тырысады. Соңғысы, бірыңғай толем жүйесі - «жалғыз мүм-
кіндік»: медико-санитарлық көмектің (есірткіні қосқанда) жалғыз
сатып алушысы болғандықтан, бірыңғай төлем жүйесі дәрілердің
бағасын төмендету үшін фармацевтикалық компанияларға ықпал
жасай алады. Дәрігерлерге жалақыларын төмендету және мем-
лекеттік тексерушілер қажетсіз, тиімсіз және тексерілмеген деп
тапқан жаңа емханалық қызметтерді тоқгату туралы талап қоя
алады.
Бірыңғай төлем жүйесінің кемшілігі сол - дәрігерлер мен тұты-
нушының мүмкіндігін азайтады. Дәрігерлер қандай толем қа-
былдай алатынын шеше алмайды, ал тұтынушылар тек мемлекет
бекіткен ем шараларды ғана қабылдай алады. Таңдау мүмкіндігі аз.
Достарыңызбен бөлісу: |