312
11-ТАРАУ
және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттелді. Еркек пен
әйел арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы феминисток қозғалыс
пайда болған соң, өзгере бастады.
Неке - бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және
өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар
балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сә-
бидің жақсы өсуі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дү-
ниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін
адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе
заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге кел
ген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
Әулет - ерлі-зайыптылар
мен олардың балалары өзге
туыстарымен, яғни ердің не
әйелдің ата-анасымен немесе
бауырларымен бірге өмір сүретін
отбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |