Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет565/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   870
Жалпыға ортақ жайттар

Қай халықта да отбасына бөлінген белгілі міндеттер бар, олар әдетте ке- 

лесі құндылықтарды қамтиды (Seccombe & Warner 2004):

• 

көбею арқылы халық санын сақтап тұру;



• 

жыныстық мінез-қүлықты реттеу;

• 

асырауындағы  балаларға,  қарттарға,  науқастарға  және  мүгедек- 



терге қамқорлық көрсету;

• 

жастарды әлеуметтендіру;



• 

достық, қамқорлық және эмоционалдық қолдау көрсету.

Аталған әрекеттер тек бір адам үшін ғана емес, қоғам үшін маңыз- 

ды. Сондықтан да әлеуметтік құрылымдар осы мақсаттарға жету үшін 

жұмыс істейді. Ешбір қоғам мұны жеке адамның талпынысы күйінде 

қалдырмайды. Теориялық түрғыда бұл міндеттерді діни немесе білім 

беру мекемелері орындай алады.  Бірақ қоғам бұл міндеттерді отбасы- 

ның еншісіне берді.

Басқа  әлеуметтік  құрылымдарға  қарағанда,  отбасы  -   биология- 

лық және әлеуметтік топ. Отбасы -  қаны бір болу немесе некеге тұру

бала  асырап  алу,  болмаса  неке  тектес  міндеттемелер  арқылы  байла- 

нысатын  адамдар  тобы.  Бүл түсінік  өте  ауқымды.  Ол  баласымен  бір- 

ге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер 

адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойын- 

ша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс

Отбасының негізі, іргетасы -  неке. Неке дегеніміз -  екі адамның 

ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл -  дүние- 

ге бала  әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз  ететін 

институционалдық  әлеуметтік құрылым.  Қазіргі  кезде некеге дейін- 

гі  некеден  тыс  немесе  бір  жынысты  қатынасқа  көп  елдер  төзімділік 

танытып  отыр.  Дегенмен  баланың  некесіз  тууына  қарсылық  басым. 

Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң 

жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл.

Сонымен  бірге  неке  деген  -   ерлі-зайыптылардың  міндетін  заң 

жүзінде анықтайтын келісім. 1960 жылдары отбасылық міндеттер ер 

мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйел- 

дерін қаржылай қамтамасыз  етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы

Отбасы - қаны бір болу немесе 

некеге тұру, бала асырап алу, 

неке тектес міндеттемелер 

арқылы байланысатын адамдар 

тобы.


Неке дегеніміз - екі адамның 

ресми, әлеуметтік немесе заңды 

түрде мойындаған одағы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет