Дін не үшін керек?
Дін барлық қоғамның іргелі сипаты болып табылады. 12.1-карта-
да әлемде діндердің таралуы көрсетілген. Артта қалған немесе ин-
дустриалды қоғам болсын, әр қоғамда діни қызмет пен діни мі-
нез-құлықтың көріну ерекшеліктері болады.
Неге дін әмбебап? Бұл сұраққа жауап беру үшін- жеке бастан шы-
ғатын оқиғалар мен тәжірибелердің анықтамасы мен мағынасын табу
жолында әр адам мен әр қоғам ізденуі қажет. Кедей адам барлығы
қолжетімді қоғамда жапа шеккенде: «Неге мен?» деп сүрайды. Бала-
сы қайтыс болған әйел: «Неге менің балам?» дейді. Бір аймақ селден
немесе торнадодан жапа шексе: «Неге біз?» - дейді. Осындай жеке сұ-
рақтардан белек адамдарды неге күн сайын күн шығады, кемпірқосақ
қайдан пайда болады және өлімнен кейін өмір бар ма деген сияқты
сұрақтар мазалауы мүмкін.
Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге сыймайтын оқи-
ғаларды түсініп, қабылдауға көмектеседі. Торнадо қурғақшылық
Дін дегеніміз - Құдайға
сенетін адамдарды моральдық
қауымдастыққа біріктіретін,
тылсым да қасиетті дүниелермен
байланысты нанымдар мен
тәжірибе жүйесі.
|