Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет632/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   870
352

12-ТАРАУ

Харизма - адамды өзгелерден 

даралайтын ерекше тұлғалық 

қасиет.


налған тапты ұстап тұруға көмектесе алады деп сенген. Ал біз бүгінде 

сол қаналған тап -  дінді өз  әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін дол- 

дана  алатынын  білдік.  Оған  бір  мысал -  афроамерикалық шіркеулер 

мен олардың Әулие кіші Мартин Лютер Кинг сияқты жетекшілерінің 

АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күрестегі рөлі.

Конфликт теориясының дінді  зерттеуге  қосқан  тағы  бір  үлесі - 

қалыптасқан  институттар  арасында  қарама-қайшылықтар  пайда 

болатыны және  олардың өзгерістерге  алып келетіні туралы диалек- 

тикалық идея.  Негізінен, конфликтология теорияшылары қоршаған 

ортадағы әлеуметтік өзгерістер сол қоғамдағы діни қауымдастықтар- 

дың да  өзгеруіне  алып келеді деп жорамалдайды.  Мысалы,  әйелдер- 

ге деген көзқарастың өзгеруі Реформашыл Еврейлерге, Методистерге 

және  басқа  реформаларға  алып  келді.  Осылайша,  әйелдер  министр 

немесе  раввин  (еврейлердің  діни  қауымының  рухани  басшысы) 

болып  қызмет  етуге  құқық  алды.  Сонымен  қатар  конфликтология 

теорияшылары  діндегі  өзгерістер  үлкен  әлеуметтік  өзгеріске  себеп 

болады деп тұжырымдайды. Мысалы, АҚШ-тағы испан тілді қауым- 

дастықта  евангелие  шіркеулерінің  (дәстүрлі  католиктік)  көбеюі 

латынамерикалықтардың  тиімді  саяси  лобби  ұйымдастыруында 

маңызды рөл атқарды. 2006 жылдың наурыз айында басым бөлігі ла- 

тынамерикалықтар мен біраз евангелие христиандарынан құралган 

500  000-нан  астам  адам  анти-иммиграциялық  заңнамаларға  қарсы 

шеруге  шықты.  Қарсылық танытып  шыққандардың көбі шеру жай- 

лы евангелие қызметкерлерінен естіген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет