Дюркгейм: діннің құрылымдық-
функциялық теориясы
Дінді құрылымдық-функциялык; тұрғыдан зерттеу Эмиль Дюрк-
геймнің (Emile Durkheim) еңбегінен бастау алады. Дюркгейм өзінің
саралау жұмысын өзі діннің қарапайым түрлері деп атаған, барлық
діндерді топтастыратын негізгі үш элементті анықтаудан бастады
(Durkheim [1915], 1961).
Дінніңқарапайым түрлері
Біріншіден, діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті және қарабайыр
(профан) деп екіге бөледі. Қарабайыр дегеніміз - күнделікті өмірде
өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәр-
селер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап, оған айла-шарғы-
ларымызды жасай аламыз. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне
алмайтын, қорқыныш пен табыну сезімін оятатын құбылыстар мен
дүниелер.
Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік,
сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпиялар-
ды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстана-
ды. Бұл сенімдер ресми діни доктриналардың негізін қалайды.
Үшіншіден, барлық дінде рәсімдер бар. Қазіргі христиан дінінде
дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты
оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бағзы замандарда көптеген хрис-
тиандар егін егу және жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған.
Мұндай рәсімдер кейбір діндерде әлі де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |