Бұл бізге не береді?
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да дү-
рыс. Бір жағынан алып қарағанда, мектеп пен ғибадатхана дәстүр-
ді сақтаушылар болып отыр. Екі ұйым да қоғамнан өз орындарын
табуы үшін және дәстүрлі мәдени құндылықтарды түсіндіру үшін
жастарды біріктіреді. Кейде мектеп пен ғибадатхана адамдарға
жеке өзіне сенуді үйретеді. Бірақ көп жағдайда бүл екеуі де билік
пен әлеуметгік механизмдерді, сонымен бірге әлеуметтік теңсіз-
дікті мойындауды үйретеді.
Жалпы мектеп пен ғибадатхана әлеуметтік өзгерістің алдыңғы
|