бағалайды.
368
13-ТАРАУ
С а я с а т п е н э к о н о м и к а ғ а к і р і с п е
Адамдар өмір сүру үшін қалай ақша табады? Неге кейбір жүмыс түр-
лерінің еңбекақысы жоғары және кейбір елдерде еңбекақы басқа елдер-
мен салыстырғанда неге жоғарырақ? Мемлекет басшылары қалай сайла-
нады, орнынан алынады немесе өлтіріледі? Осы сүрақтарға жауап табу
үшін саясат пен экономикаға мән беруіміз керек. Сұрақтарды жеке-же-
ке де қарастыруымызға болады, бірақ олар өзара байланысып жатқан-
дықтан, толық бір тақырып ретінде оқыған ыңғайлы. Бұл бөлімде саясат
пен экономика, әлеуметтану түргысынан зерделенеді.
Б и л і к ж ә н е с а я с а т
Лиза - «American Idol» бағдарламасын, ал Джон футбол көргісі келеді; фун-
даменталистер «мектептерде ғибадат ету бөлмелерін ашқан дұрыс» дейді,
ал Американың азаматтық еркіндік одағы (ACLU) оған қарсы; мемлекет-
тік қызметкерлер жоғары жалақы алғысы келеді, ал қарапайым тұрғын-
дар салықтың төмендетілгенін қалайды. Мұның бәрін кім шешеді?
Шешім қабылдаушы тұлға кім болса да - сіздің анаңыз ба әлде
Жоғарғы сот па - оның қолында басқаларға қатысты шешім қабылдай
алатын билік бар. Бұған дейін 7-тарауда айтқанымыздай, билік - басқа
адамдардың іс-әрекетін өз қалауына қарсы бағыттай алу қабілеті. Біз
биліктің мәжбүрлеу және бедел деп аталатын екі түрін сипаттаймыз.
Ананың да, соттың да қолында билік болғанымен, айтқанын орын-
дату үшін қолданатын билігінің заңдылық ауқымы мен құралдары
жағынан екеуінің арасында біраз айырмашылық бар.
М әж бүрлеу
Билікті күш көрсету және қорқыту арқылы жүргізу мәжбүрлеу деп
аталады. Қорқыту және куш көрсету физикалық, қаржылық немесе
әлеуметтік болуы мүмкін: біз соққыға жығыламыз, жала жабылады,
шеттетілеміз, айыппұл салынады, өлтіреді немесе «достарымыз біз-
ден бас тартады» деп қауіптенеміз. Мысалға, ата-анаңыз шапалақпен
қорқытып, айтқанын орындауға мәжбүрлейді, ал сіз ойнамай қояты-
ныңызды алға тартып, досыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүруге
мәжбүрлеуіңіз ықтимал.
Бедел
Қорқыту - басқа адамдарды мәжбүрлеудің тиімді тәсілі. Бірақ ол
дау-жанжал мен ашу-ыза тудырады. Ал кейбір жағдайда қорқыту
орынсыз болады. Билік заңды ережелер мен құндылықтарға сәйкес
жүргізілсе, оны бедел деп атаймыз. Егер қолыңызда өкілеттілік бол
са, қарамағыңыздағылар тым болмағанда шешім қабылдауыңызға
қүқылы мәселелеріңіз бойынша сізбен келіседі және айтқаныңыз-
ды орындауға міндетті. Бірақ бұл - олар сіздің әмір жүргізуге құқы-
лы болғандығыңыздан ғана келіседі немесе багынады деген сөз
емес. Қоғамның ережелері мен құндылықтары сіздің билігіңізге
қолдау көрсетеді. Мысалы, жасөспірім қыз әкесінің оған комендант-
Мәжбүрлеу - күш көрсету немесе
тық уақыт белгілеуіне құқығы жоқ деп ойлауы мүмкін, бірақ басқа
қорқыту арқылы жүргізілетін
ересектер (тіпті кейбір жасөспірімдер де) әкесі бұған қүқылы деп
билік.
санайды.