366
12-ТАРАУ
Сыни ойлау
1. Балаңыз үшін қандай мектепті гаңдар едіңіз
және неліктен? Мектеп таңдау сіздің мәдени
капиталыңыздан қандай орын алады?
2. Оқушылардың талаптарын қанағаттандыру
үшін бастауыш және орта сыныптардың оқу
бағдарламаларын қалай өзгертер едіңіз? Сіз
үсынған жүйенің айқын функциялары қан-
дай болады? Астыртын функциялары ше? Ал
ықтимал дисфункциялары ше?
3. Секуляризация тенденциясы мен фундамен-
тализмнің пайда болуы жайлы білдіңіз, енді
алдағы уақытта фундаментализм өсе ме, жоқ
па - қалай ойлайсыз? Неге? Жауабыңызды
діни сеніміңізге емес, әлеуметтанудан алған
біліміңізге байланысты жұптаңыз.
4. Жаңадан пайда болған ғибадатханалардың ар-
тықшылығы неде? Өз дініңіздің қүрылымын
(діни сенімін емес) сізге белгілі басқа діннің
құрылымымен және жаңа ғибадатханалармен
салыстырыцыз. Егер жаңа ғибадатхананың мү-
шесі болсаңыз, оның құрылымын досыңыз ұс-
танған діннің құрылымын салыстырыцыз.
5. Егер діни құқықтың сақталуына ерекше мән
берілсе, АҚШ үкіметінде қандай өзгерістер болар
еді? АҚШ қоғамында ше? Қалай ойлайсыз, АҚШ
үшін бұл пайдалы бола ма? Неге иә, неге жоқ?
|