АКДІ-та жумыс орнын қорғау
АҚШ-та жұмыс орындарын саясаткерлер қалай қорғай алады? Саясат-
тың үш негізгі нұсқасы бар: консервативтік, либералдық және әлеу-
меттік инвестиция тәсілдеріне негізделген.
КОНСЕРВАТИВТІК ТӘСІЛ: ТЕГІН НАРЫҚ. Әдетте кәсіпкерлік басшыла-
ры мен консерваторлар жұмыс орнын сақтап қалу үшін АҚШ-та мем-
лекеттік бақылауды азайтып, жалақыны және табысты нарықтың
ырқына қалдыру керек деп санайды. Бұл - жалақы мен жәрдемақы
қысқартылады дегенді білдіреді. Демек, кәсіпорындардың жұмысты
автоматтандыруға немесе шетелге көшіруіне себеп азаяды.
|