САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
397
Бұл тәсіл бүкіл ел бойынша қабылданған болатын. Кәсіпорын-
дар, зауыттар жабылып, жұмыс орындары қысқарады деген қауіпті
алға тартқаннан кейін жұмысшылар төмен жалақы мен жәрдемақы
алуға келіссе, қалалар кәсіпкерлерге салынатын салықты төмендегу-
ге келіскен.
Л И Б Е Р А Л Д Ы Қ ТӘСІЛ: Ү К ІМ Е Т САЯСАТЫ.
Либералдар жеке табыс эконо-
микалық әрекеттің жалғыз ғана мақсаты болмауы керек дейді. Оның
орнына үкіметке жұмысшыларды қорғауды ұсынады. Сонымен қатар
либералдар (1) үкіметке жақсы жұмыспен қамтамасыз ететін сала-
ларға инвестиция құюға кеңес береді, (2) жұмысшылардың мүддесін
қорғау үшін корпоративтік бірігу мен кәсіпорындардың жабылуын
қадағалайды, (3) АҚШ-та өндірілген тауарларды бәсекеге қабілетті ету
және шетелдік тауарлардың АҚШ-тағы басымдылығын азайту үшін
субсидиялар мен қосымша төлемдер бөлуді қолдайды.
Сонымен қатар либералдар жұмысынан айырылғандарды қорғау үшін
әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қолдайды. Бұл саясат бойынша
жұмыссыздарға көлемді жәрдемақы беріледі, жұмыстан шығарылған-
дарды қайта даярлайтын бағдарламалар жасалады және корпорация-
ның талабымен жұмысшыларға зауыгтың жабылуы жайында алдын
ала ескертіледі. Мүндай саясат Батыс Еуропада әсіресе Скандинавия
елдерінде кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |