Жаһандану және болашақ
Бұдан бұрын айтылғандай, экономиканың жаьандануы АҚШ-та
жұмыс орындарының азаюына алып келді. Мысалы, соңғы бірнеше
жылда Honeywell International (Нью-Джерсида негізі қаланған) ком-
паниясы АҚШ азамагтарын жүмыстан шығарып, олардың орнына
Үндістаннан мыңдаған жұмысшы жалдады.
Жаьандану белгілі бір деңгейде АҚШ экономикасын кері кету
процесінен өткізіп жатыр: дамуы төмен мемлекет тәрізді біз ағаш
бөренелер мен бидай сияқты шикізаттарды экспорттап, DVD ой-
натқыш және автокөлік секілді өнеркәсіп өнімдерін импорттай-
мыз. Мексикада, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда АҚШ нарығы
үшін тауар өндіретін жұмыс орындары бар. Ал бұл уақытта АҚШ-
тағы жұмысшылар гамбургер дайындаумен айналысып жүр.
Америкада жүмыс орнының қысқарғанынан жапа шеккендер
тек фабрика жұмысшылары ғана емес, компьютерлік бағдарлау
және ғылыми зерттеу сияқты кәсіби жұмыстар да арзан жұмыс
күш інтабу мақсатымен шет елге бағытгалып кеткен. Үндістан және
Филиппин елінің ағылшын тілін білетін жоғары кәсіби маманда-
ры математика саласынан әлдеқайда білімді және мардымсыз жа-
лақыға жүмыс істей алатын мамандарды үсынады. Яғни америка-
лықтар үшін ең қауіпсізі - жергілікті жерде тұруды талап ететін
жүмыс орны. Мысалы, ит қыдыртушы, сатушы немесе дәрігер.
Достарыңызбен бөлісу: |