Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет764/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   760   761   762   763   764   765   766   767   ...   870
Заманауи қалалардың болмысы

Индустриалдық революциядан қазіргі уақытқа дейін қаланың көлемі 

де ұлғайды, сипаты да өзгерді. Индустриалдық және постиндустриал- 

дық қалалардың дамуын қарастырайық.




ХАЛЫҚ  САНЫ  ЖӘНЕ  УРБАНИЗАЦИЯ

421


Индустриалдық қала

Индустриалдық революциядан кейін өндіріс ауылдан қаладағы  фаб- 

рикаларға  ауысты.  Бостон,  Детройт  және  Питтсбург  сияқты  индуст- 

риалдық  қалалар  зауыттар  қаласына,  құрыш  өндіретін,  кеме  құрас- 

тырушы  және  кейіннен  автокөлік  жасаушы  қалаларға  айналды. 

Олардың дамуына жаңа технологиялар мен көлік тасымалының жаңа 

түрлері көптеген адамның ауыл шаруашылығын тастауына  мүмкін- 

дік  беріп,  өмір  сүрудің жаңа  үлгілерін  қалыптастыруы  себеп  болды. 

Жаңа  индустриалдық  қалалар  XIX  ғасырда  ерекше  дамыды.  1860 

жылы Нью-Йорк АҚШ-тағы 1 млн. халқы бар алғашқы қала болды. Қа- 

лалардың өсуіне мұрындық болған өнеркәсіптік база индустриалдық 

қалалардың сипаты  қандай  болу керек екенін  көрсетті.  Бұл -  орасан 

тығыздық және орталық іскерлік аудан.

XX ғасырдың орта тұсына дейін америкалықтар жұмысқа неме- 

се  басқа  жерлерге жаяу баратын.  Сол  себепті жұмысшы  тап  зауыт- 

тардың айналасына тығыз шоғырланатын. Олар үшін бөлшек сауда 

орындары,  банк қызметі және  мемлекеттік мекемелердің орталық 

іскерлік аудандарда қиындық туғызатын.  1880 жылы АҚШ-тағы ірі 

қалаларда  трамвай  немесе  теміржол  пайда  болғанымен,  олар  тек 

орталық іскер ауданға арналған еді. Жаяу жүрумен салыстырғанда, 

алғашқы  жетістіктер  тұрғын үйлердің тығыз  орналасуы  мәселесі- 

не айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ және орталық іскер ауданның 

маңыздылығын арттырмаса, кемітпеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   760   761   762   763   764   765   766   767   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет